jasqazaq.kz

Шымкентте 8 мың бала қосымша біліммен қамтылған

07 мамыр 2023, 11:13

Шымкент қаласында 8 мың бала білім берудің жол картасы аясында үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Жол картасы аясында биыл мамыр айында «Оқушылар сарайы» мен «Өнер мектебі» пайдалануға берілетін болды. Жаңа нысандар Шымкент қаласының тағы сегіз мың баласын тегін қосымша біліммен қамтиды.

Сапалы білім беруді қамтамасыз етуде жаңа модификацияланған кабинеттермен қамту қарқынды өсуде. 141 мектепке 320 интерактивті панель орнатылды. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72 пайыздан 85 пайызға өсті. Білім ұйымдары аумағында соңғы үлгідегі спорт алаңшаларымен қамту биыл 100% ға аяқталады.

Қаладағы үш ауысымда білім беретін №65, №8, №45 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына аяқталып, пайдалануға беріледі. Үш ауысымды мектеп мәселесі биыл толық шешімін табатын болады. Сондай-ақ, білім ұйымдарында цифрландыру қарқыны артқан.

Айта кетейік, интернетпен қамту талаптары кемінде 20 мб/с. Бүгінде қаланың жүз мектебінде интернет жылдамдығы 100 мб/с дейін өсті. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселесін әрдайым басты назарда ұстап келеді.

ҚР Президентінің 2022 жылғы қарашада бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында да білім саласына басымдық берген. Іс-қимыл жоспарында Мемлекет басшысы балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объекті салу жөнінде жергілікті басқару органдарына тапсырма берді. Оның ішінде оқушылар сарайы, жас техниктер станциясы, балалар технопаркі, музыка және көркемсурет мектептері сынды нысандарды салу мәселесі көтерілген.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата