jasqazaq.kz

Шымкентте 5 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі екі есеге артқан

16 маусым 2023, 15:28

Бүгінде қалада жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді. Онда 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 337 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіп, мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады. Мұрат Дүйсенбекұлы республикалық қала мәртебесіне ие болған 5 жылда атқарылған жұмыстар мен барлық саладағы көрсеткіштерді баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Соңғы бес жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 миллиард теңгеден 937 миллиард теңгеге жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 58 мыңнан 110 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар осы уақыт аралығында қалаға 2 триллион теңгеден астам инвестиция тартылып, бюджет көлемі 146 миллиард теңгеден 613 миллиард теңгеге жетті. Биыл мегаполистің макроэкономикалық көрсеткіштерінде де оң динамика бар. Жыл басынан бері инвестиция көлемі 22 пайызға, құрылыс жұмыстары 29 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 73 пайызға, бөлшек сауда көлемі 25 пайызға артып отыр.

Бүгінде қалада жалпы аумағы 869 гектарды құрайтын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді. Онда 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 337 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бүгінге қолданыстағы өндірістік аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асты. Айта кетейік, қалада өткен жылы 24 800 орындық 43 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-тен 3-ке азайған. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу көзделуде. Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 2025 жыл соңына дейін 28 мың орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2 Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-еуі жуырда пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 2029 жылға дейін сыйымдылығы 750 орындық 5 өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде