jasqazaq.kz

Шымкентте 5 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналасты

24 маусым 2023, 12:37

Халықты жұмыспен қамту, осы арқылы әлеуметтік жағдайын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы халықты, жастарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін аса маңызды міндет екенін алға тартты. Ол қазіргі таңда еңбек нарығында жастардың үлесі артып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, Үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма берілген. Оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс екенін баса айтты.

«Жаңа жұмыс орындары уақытша емес, тұрақты болғаны жөн. Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар», — деді Мемлекет басшысы.

Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының жұмыс берушілері қала тұрғындарын «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға қабылдап жатыр. Жұмысшылардың еңбек ақысы бағдарлама талаптарына қарай мемлекет есебінен толығымен немесе ішінара төленеді. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан екен.

Жалпы, жыл соңына дейін тағы 500-ден астам адамды субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру жоспарланып отыр. Жұмыссыз азаматтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіне алады. Мамандар тиісті талаптар негізінде келісім-шарт түзілген мекемелердегі бос жұмыс орындарына жолдама береді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында 50 мекеме квота бойынша мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдау ісін де қолға алған. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қаулысына сәйкес, бұл мақсатта 227 жұмыс орнына квота белгіленген. Бүгінгі күні 28 жұмыс беруші мекемеге 60 азамат жолданыпты. Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту ісінде «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының үлесі орасан. Орталық мамандары ерекше азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында қызмет көрсетеді. «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының қызметкерлері мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастырумен қатар, ақпараттық-консультациялық көмектер, құқықтық және психологиялық кеңестер береді. Сондай-ақ, инватакси және әлеуметтік такси қызметі бойынша өтінімдерді қабылдайды.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее