Шымкентте 421 мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

18 сәуiр, 12:05

Елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған арнайы мемлекеттік бағдарламалар бар. Бағдарлама аясында ең алдымен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту жолға қойылған. Еліміздің үшінші мегаполисінде де осы бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Биыл Шымкент қаласында Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан 1368 мүгедектігі бар азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, бүгінге дейін 421 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жоба аясында жұмыс берушілерге арнайы квота бекітіліп, мекемлерде жұмысшы санына қарай 2- 4 пайыз мөлшері аралығында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту қарастырылған.

«АМАНАТ» партиясының әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту жөніндегі сайлауалды бағдарламасының іске асуын бақылау үшін Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Алина Дубинина партиялық бақылау жүргізді. Алдымен Шымкент қалалық перзентханада болған партиялықтар осында арнайы квота негізінде жұмысқа қабылданған Эльмира Затыбекова және Әсел Медеубаевамен тілдесті.

Жуырда ғана жумысқа орналасқан жандар ризашылығын жеткізіп, бүгінгі жұмыс орны мен төленетін айлық жалақысына көңілі толатынын айтты.

Мұнан кейін бақылаушы топ Қ.Сыпатаев атындағы № 7 IT мектеп-лицейінде болды. Аталған мекеме жыл басынан бері мүгедектігі бар екі адамды жұмысқа қабылдап отыр. Қазір бірі аула сыпырушысы, бірі мектеп күзетшісі болып жұмыс істеп жүр. Мектеп директоры Раушан Алмаханқызының айтуынша, екі азамат та өз ісіне жауапты, жүктелген міндетін тиянақты орындайды.
«Біздің мектепте екі техникалық қызметкерден бөлек, мүгедектігі бар 7 мұғалім қызмет атқарады. Олардың жұмысына көңіліміз толады. Өз жұмысын тыңғылықты орындауымен осы жандар өзгелерге үлгі көрсетіп отыр. Біз мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға қолдау көрсетуіміз керек, олар қоғамның белсенді мүшелері дегім келеді. Әрқайсысы өмірге құштар, өз жұмысына жауапты жандар», – деді №7 IT мектеп-лицейінің бас ұстазы.

Жалпы жыл басынан бері жұмыспен қамту шеңберінде мүгедектігі бар азаматтардың 13-і «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа тұрса, «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы аясында – 5, қоғамдық жұмыс – 97, алғашқы жұмыс орны – 19, «Күміс жас» — 32 және өзге де бос жұмыс орындарына 168 адам жолданды. Сондай-ақ «Бизнес-Бастау» жобасы шеңберінде 87 адам білімін жетілдірді.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі

30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды