jasqazaq.kz

Шымкентте 40 көпқабатты үй жөнделеді

14 мамыр 2023, 17:05

Шымкентте жыл соңына дейін 40 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, биыл коммуналдық меншіктегі 20 тұрғын үйге қайтарымсыз негізде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева айтты. 2023 жылы коммуналдық баланстағы 20 көп қабатты тұрғын үйге қайтарымсыз негізде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда бұл бойынша бюджеттік өтінімдер ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 20 көпқабатты тұрғын үйге қайтарымды негізде «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Ал, өткен жылы 60 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өткен болатын. 2023 жылға қала аумағындағы авариялық, тозығы жеткен 6 тұрғын үйді бұзып, қайта жаңа тұрғын үй кешенін салу жоспарланған. Қазіргі таңда

Былтыр қаладағы 60 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Құрылыс барысында тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, кіре берісі мен жертөлелері, қасбеттері жаңартылды. Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен және жергілікті атқарушы органдарға жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды қаржы негізінде жүргізіледі.

Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-не өтінім бере алады. Өтінім Республика даңғылы №12«А» (3-қабат) мекенжайында қабылданады. Ал көнерген үйлерді реновациялау жобаларына жеке инвесторлар тарту бойынша «Shymkent ӘКК» АҚ жұмыс жасауда. Аудандық әкімдіктер тұрғынжай меншік иелерінің жеке инвестормен кездесулері ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған реновация бағдарламасы тұрғындардың келісімімен жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде тұрғындар арасында үйлерді жаңартуға келісім беріп жатқандар бар. Ендігіде көпқабатты үйлердің барлық тұрғынының келісімі күтілуде.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде