jasqazaq.kz

Шымкентте 3 су арнасы күрделі жөнделіп жатыр

17 маусым 2023, 17:25

«Жасыл Қазақстан» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген Ұлттық жоба. Ұлттық жобаның мақсаты: халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту, оның ішінде: атмосфералық ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен тиімді жұмыс істеу, суды тиімді және ұқыпты пайдалану, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен ихтиофаунаның санын ұлғайту, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жасыл екпелер алаңын ұлғайту, табиғат пен жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауға дағдыландыру арқылы биологиялық әртүрлілікті сақтау, сондай-ақ халықтың экологиялық санасын жаңғырту.

Суды тиімді әрі ұқыпты пайдалануға су арналарының жағдайы жақсу болуы шарт. Ескірген су арналары мен каналдар су шығынын көбейтуге алып келеді. Осы ретте Шымкенттегі бірқатар каналдар ұлттық жоба аясында күрделі жөндеуден өтуде. Атап айтқанда қаладағы «Көк», «Сай ниже водопада» және «Чумчак» су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары үшін 27 техника 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.

Жалпы Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 34 су арнасы және 2 өзен бар. Олардың ішінде биыл жөндеу жұмыстары басталған «Шымкент» және «Шапырашты» су арналарының күрделі жөндеу жұмыстары келесі жылы бітеді дейді салаға жауапты мамандар.

Айта кететін жайт, қазіргі таңда күз және қыс мезгілдерінде жауын-шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су арналары мен өзендердің санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Жауын-шашын мөлшерінің су арнасының деңгейінен асып кетпеуі үшін қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары мен жауапты мердігер мекеменің қатаң бақылауында.

Мерей Әлімбек

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции