jasqazaq.kz

Шымкентте 200-ші бүйрек трансплантациясы жасалды

07 мамыр 2023, 11:50

Президент Жолдауы аясында қолға алынған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Басты мақсат – медицина саласын жоғары деңгейге көтеру. Осы бағытқа орай қазіргі таңда көптеген жаңа медициналық ұйым бой көтеруде. Салынып жатқан емдеу мекемелері халық тығыз қоныстанған елді мекендер ішінде орналасқан. Өйткені Ұлттық жоба талабы бойынша халыққа медициналық қызмет біріншіден, сапалы, екіншіден, жақын жерде болуға тиіс.

Сапа жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен, қаладағы емхана мен ауруханалар­дың соңғы үлгідегі заманауи медицина­лық құралдармен жабдықталып жатқанын айта кету керек. Бұдан өзге түрлі іс-шаралар арқылы да халықтың денсаулығын күшейту бағытында жұмыстар қолға алынып келеді.

Мәселен, қалалық №1 клиникалық ауруха­насының бас дәрігері Абылай Донбайдың айтуынша, аталған медициналық ұйым «Ізгілікте жарысайық» атты қормен өзара меморандумға қол қойған. Со­ған сәйкес қор тізіміндегі 100 анаға және олардың балаларына тегін медициналық көмектер көрсетіле бастады. Клиникалық аурухана аналарды ақы­сыз медициналық тексеруден өткізсе, мек­тепке енді баратын балаларын тегін сүндет­ке отырғызып жатыр, яғни медицина тілімен айтқанда, циркумцезия жасауда.

Жуырда №1 клиникалық ауруханасы тағы бір жетістікке жетті. Аурухана базасында 200-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Алдағы уақытта рецепиент қалыпты өміріне қайта оралады. Мұндай оталар әдетте 7-8 сағат уақытты алса №1 қалалық клиникалық ауруханасының білікті дәрігерлері 3-4 сағатта отаны сәтті аяқтауда. Айта кетейік, қазір бүйрек жетіспеушілігімен Шымкент қаласы бойынша 2000-ға жуық науқас тіркеуде тұр және де алдағы уақытта науқастарға жоғарғы медициналық көмек көрсету жүргізіледі. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы «Жүрек» орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артуда. Былтыр емдеу орталығында 555 науқастың жүрегіне ашық түрде ота жасалған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 100 адамға артық. Ал, былтыр тамыз айында кардиология бағыты бойынша медициналық ұйымда ахуалдық орталық ашылған.

Орталық кардиология саласындағы мамандандырылған қызметтердің жұмысына жедел мониторинг жүргізіп, емдеу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл бағытта 44 амбулатория мен 3 ауруханада кардиологиялық кабинеттер ашылды. Осыған дейін мұнда созылмалы жүрек аурына шалдыққан 8 науқасқа LVAC аппаратын орнату операциясы жасалған. Бұрын мұндай опрерациялар Астана қаласында жасалатын.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
Бүгін, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында