jasqazaq.kz

Шымкентте 18 мыңнан астам оқушы «Такер» тестінен өтті

07 мамыр 2023, 11:31

Оның 13 мыңнан астамы жасыл аймақты көрсетті.

Шымкент қаласында «Такер» тестіне 9-11 сынып аралығындағы 18 мыңнан астам оқушы қатыстырылды. Бүгінде қаламыз бойынша құмар ойындарға тәуелділікті анықтауға арналған «Такер» тестіне 9-11 сынып аралығындағы жалпы 18 мыңнан астам оқушы қатысса, оның 13 мыңнан астамы жасыл аймақты көрсетті. Нәтижесінде сары аймақ 19,6 пайызды құраса, қызыл аймақ 2,8 пайызға тең.

Биыл 3 айдың ішінде білім басқармасы жанынан құрылған Call-орталыққа 320 сұрақ келіп түскен. Сұрақтарға 100% жауап беріліп, 6585 қатысушыға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Telegram желісіндегі чат пен сенім телефондары тұрақты түрде жұмыс жасауда. Ата-аналардың білім басқармасымен байланыс орнатуға жөн сілтейтін ақпараттық баннерлер мен билбордтар қаланың әр бұрышында орнатылған.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, білім басқармасы қалалық Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, аудан әкімдіктері және психологиялық орталықтармен жоғарыда айтылған барлық жоспарды бірлесе жүзеге асырады.

Айта кетейік, 2023 жылдың 25 сәуір – 25 мамыр күндері аралығында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, жыныстық тиіспеушілік қылмыстарының профилактикасы, сондай-ақ өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау және өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша 22 іс-шара өткізілді.

Бұл бағыттағы тиісті шаралар тұрақты жүргізілгеніне қарамастан, өзекті мәселелер жоқ емес. Мәселен, аз қамтылған отбасы балалары, жайсыз отбасы, қалалық ювеналды полиция есебінде тұрған және мектепішілік есептегі балалар саны көңіл көншітпейді. Проблемалармен күресу мақсатында есептегі оқушыларға тәлімгер бекіту, түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қатыстыру — негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Қылмыстық оқиғалар жиі қайталанатын криминогенді аймақтар бақылуға алынып, 103 учаскелік полиция инспекторы бекітілген.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі