jasqazaq.kz

Шымкентте 14 ірі ауыл шаруашылығы қоймасы бар

08 тамыз 2023, 10:06

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы саласын дамыту, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі бірқатар кәсіпкерлермен кездесті. Онда қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту жайы сөз болды.

Шаһар әкімі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру, өнім көлемін арттыру, егістік жерлерді ұлғайту, өнім сақтайтын қоймалар санын арттыру мақсатында инвесторларды бірге жұмыс жасауға шақырды. Шымкентте бүгінде 14 ірі қойма жұмыс жасайды – 6 климаттық, 8 құрғақ қойма мен базарлар.

Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға даяр кәсіпкерлер өз жобаларын ұсынды. Солардың бірі – «KAZAKHSTAN LOGISTICS GROUP» ЖШС. Бозарық шағын ауданында орналасқан қоймада екі кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде. 1-кезеңде 40 мың тонна өнімге шақталса, екінші кезең 2025 жылға дейін аяқталса қуаты екі есеге артады. Алғашқы кезең бойынша үй-жайлардың құрылысы толық аяқталған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін кезек-кезегімен жүктеу басталды.

Сонымен бірге «Керемет сапа» ЖШС – климаттық қойма салуды қолға алып отыр. 1 мың шаршы метр аумақта 2 мың тонна көкөніс сақтауға болады. Жобаның құны – 500 млн теңге. Биыл құрылыс жұмыстары толық аяқталса 15 адам жұмысқа орналасады. Өзге де кәсіпкерлер өз жобаларына жер телімін беруді, кейбірі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді сұрады. Шаһар басшысы әрбір жобаны толық зерделеп, мемлекеттік көмек көрсету үшін жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді. Сонымен бірге, ірі азық-түлік сауда желілері мен әлеуметтік дүкендер санын арттыруды да тапсырды.

Қала аумағында 6 мыңға жуық шаруа қожалығында 7 мыңнан астам тұрғын еңбек етеді. Шаруалардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады екен. Атап айтқанда,олардың ішінде қожалықтардың 785-ке жуығы мал шаруашылығы, 6-уы балық, 4 құс шаруашылығы және 25 омарта шаруашылығымен айналысады. Мал шаруашылығымен айналысатын 32 шаруа қожалыққа мал басын асылдандыру бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді.

Осы жылдың қаңтарынан маусым айына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 20,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 млрд теңге артыпты. Ал, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 3,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Ірі қара малдың орташа салмағы 472 келіні құрап, құс етінің көлемі 1,2 мың тоннаға жетіпті. Сондай-ақ, қала аумағында орналасқан 209 гектар жылыжайда қызанақ, қияр, басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, маусымаралық кезеңде қаланың сауда нүктелерінен бөлек, еліміздің өзге өңірлеріне де жеткізіліп жатыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста