jasqazaq.kz

Шымкентте 1000 тонна сүт сауылатын шаруа қожалық бар

17 шiлде 2023, 10:22

Шымкентте тұрғындарды сапалы табиғи өнімдермен қамтамасыз етуде шаруа қожалықтарының үлесі зор. Солардың бірі — Еңбекші ауданы, Абдуллабад тұрғын алабында орналасқан «Зертас» шаруа қожалығының тауарлы сүт фермасы. Ферма ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өніміндерін арттыру бағытында жұмыс істеп келеді.

Асыл тұқымды сүт бағытындағы шаруашылық 2019 жылы ең алдымен Австриядан 128 бас сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды (Симменталь) сиырларды алып келіп, өз жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпы ірі қара мал басының саны 317-ге жетіп, оның ішінде сүтті бағыттағы сиырлардың саны 161 басты құрап отыр.

Жалпы аумағы 2,2 гектарды құрайтын шаруа қожалылығында заманауи «Параллель» сауу қондырғысы, сүтті жинауға арналған салқындатқыш танкер секілді инновациялық теxнологиялар және сиырларды тұрақты ұстау, асыл тұқымды бұзауларды өсіру аймақтары бар. Бұдан бөлек, мал азығын дайындауға арналған арнайы құрылғылармен, ауыл шаруашылық техникаларымен қамтылған. Мұнда әр бастан тәулігіне орташа есеппен 22 литр сүт алынып, жылына өндірілетін сүттің көлемі 1000 тоннадан асады.

Өндірілген сиыр сүтіне және сатып алған жемдік азықтың құнына «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасымен былтыр 15,4 млн теңге субсидия бөлініп, мемлекеттік қолдау көрсетілген. Биыл асыл тұқымды мал басын арттырып, 350 миллион теңге көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағында агрокластер құру үшін қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына: — Таза сүтке сұраныс үнемі жоғары. Сүт, ет – тұрғындардың басты азығы. Қала халқын ауылшаруашылық өнімдерімен толығымен өзіміз қамтуымыз керек. Мемлекет қолдауы жылдан-жылға артып келеді. Мүмкіндікті дұрыс пайдалану арқылы, шаруақожалықты үлкен мекемеге айналдыруға болады. Бұл бағытта жұмыстарыңызды тоқтатпаңыздар, — деген болатын.

Қаланың ауыл шаруашылығына жауапты басқарманың мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда қала аумағында 73,9 мың бас ірі қара, 15,4 мың бас жылқы, 82,5 мың бас ұсақ мал, 3,1 мың бас шошқа және 877,1 мың үй құсы тіркелген. Осының ішінде мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара мал бар. Мал шаруашылығын дамыту үшін 1 млрд теңгеден астам мемлекеттік қолдау бөлінген. Оның ішінде 185,1 млн теңгесі малдың жем-шөбіне беріледі. Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, биыл 9,1 мың тонна ет, 52,3 мың тонна сүт және 154,0 млн дана жұмыртқа өндіру жоспарланып отыр.

Мерей Әлімбек

24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания