jasqazaq.kz

Шымкентте 10 мыңға жуық тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылды

20 сәуiр 2023, 16:02

Қазіргі таңда қала бойынша 81 елді-мекеннің 80-і сапалы электр жарығымен қамтылған.

Шымкент қаласында 10 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылды. Қазіргі таңда қала бойынша 81 елді-мекеннің 80-і сапалы электр жарығымен қамтылған. 2023 жылы сапалы электр қуатымен қамту бойынша 6 нысанның, оның ішінде 4 елді мекенде ішкі жүйелерінің, 1 қосалқы стансаның құрылыс жұмыстары және 1 электр тарату бекеті жұмыстары жүргізілуде.

Ал, бірінші тоқсанда 6 елді мекенде ішкі электр жүйелерінің құрылысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ, 153,2 км электр желілері, 15 электр тарату бекеті, 38 трансформатор, 1 қосалқы станция орнатылатын болады.

Тоқсан қорытындысымен 1 елді мекенде ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 10 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылды. Сондай-ақ, электр қуаты бойынша Қайнарбұлақ тұрғын алабында құрылыс-монтаж жұмыстары 95 пайызға аяқталды. 2023 жылдың маусым айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме «А.МЕРЕЙ И К» ЖШС-і осы уақытқа дейін ұзындығы 68,6 шақырымдық электр жүйелерін жүргізген. Жоспар бойынша 2023 жылы маусым айында 2 760 абонент электр қуатымен қамтылатын болады.

Биыл қала аумағындағы барлық елдімекенге сапалы электр энергиясы жеткізіледі. Атап айтатын болсақ, жыл соңына дейін 8 шағынауданда құрылыс жұмыстары аяқталып, қаланы үздіксіз электр жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Нәтижесінде абоненттер жарыққа екі есе арзан төлем жасайды. Тұрғын үйлерді электр желісіне қосу жұмыстары тегін жүргізіледі. Мемлекеттен тартылған электр энергиясының тариф бағасы жеке тұлғаларға әр Кв үшін – 17 теңге, заңды тұлғаларға — 35 теңге, бюджеттік ұйымдарға — 39 теңге болып белгіленген.

Қазіргі таңда Нұрсат, Қайнарбұлақ, Түркістан, Тұран, Ақжар, Ынтымақ (ПС 110 кв) Бозарық, Асар елдімекендерінде электр желілерін тарту жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, наурыз айында Бозарық, Асар шағынаудандарында 600 тұрғын үйге жарық берілді.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата