jasqazaq.kz

Шымкент: Жұмыспен қамту — маңызды міндет

14 қыркүйек 2025, 13:23

Шымкент қаласында жұмыссыз жүрген жандарға еңбек мобильділігі орталығы көмекке келеді. Орталың әр аптаның сәрсенбі күні халыққа жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында шағын жәрмеңке форматында көшпелі жиындар ұйымдастырып келеді.
Сондай кезекті іс-шара Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабындағы Әмір Темір көшесі, 152А мекенжайында орналасқан №3 клиникалық аурухана ауласында өтті.
Қаратау ауданының Мансап орталығы мамандары ауруханаға келуші тұрғындарға жұмыспен қамту шаралары, аудандық мансап орталығының қызметтері, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, уақытша және тұрақты бос жұмыс орындары, кәсіптік оқыту, онлайн кәсіби курстар мен Enbek.kz порталының мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Тұрғындар Enbek.kz порталының мобильді қосымшасын жүктеу, жұмыссыз ретінде тіркелу, бос жұмыс орындарымен танысу, түйіндеме жүктеу секілді қызметтерді қолдануды үйренді.
Жиын нәтижесінде 15 тұрғын тұрақты жұмысқа орналастырылды. Төрт адам «Жастар практикасы» бағдарламасына жіберілсе,
үш тұрғын «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, бір адам қоғамдық жұмысқа жолданды. Бір тұрғын жұмыссыз ретінде тіркелді.
Сондай-ақ жұмыспен қамтудың бір бағыты – қысқа мерзімді кәсіптік курстар ұйымдастыру. Курста оқитындарға ай сайын шәкіртақы төленеді.
Ең бастысы — кәсіптік оқу жаңа мамандықты қысқа мерзімде меңгеріп, арнайы сертификат алып, тұрақты жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік береді.
Кәсіптік білім алғысы келетін адам ең алдымен жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс.
Қазіргі кезде бірнеше мамандық бойынша оқу топтары жасақталып жатыр.
Бухгалтер-кассир мамандығына он орын, тәрбиешінің көмекшісін дайындауға екі орын, ал тігіншілікті үйренуге 30 орын ұсынылып отыр.
Бұл — жаңа кәсіп үйреніп, жұмысқа орналасқысы келетіндер үшін зор мүмкіндік.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы еңбек мобильділігі орталығы

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті