jasqazaq.kz

Шымкент: Жылыжайды оңтайлы жылыту мәселесі қаралуда

23 шiлде 2023, 12:01

Шымкент қаласында 209 гектар жылыжай орналасқан. Биыл қыста болған ауа райының қолайсыз жағдайынан біраз шаруа зиян шеккен еді. Осыған байланысты жылыжайлар қауымдастығының мүшелері мен Үкіметтің арнайы өкілдері бірнеше рет жиын ұйымдастырып, саладағы біраз проблемалар бойынша ортақ шешімге келді.

–Соның ішінде бұрынғы гектарлы субсидия бағдарламасын қайта іске қосу жөнінде және көмір өндірушілерден тікелей қатты отынды сатып алатын болып уағдаласты. Бұл мәселелер күзге қарай шешімін табуға тиіс. Әрі қарай осы бойынша жылыжай шаруашылығын дамыта береміз. Соның аясында индустриялық аймақ құрылады. Онда жылыжай кешені бой көтереді. Ендігі жұмыс жылыжай кешендерін немен жылыту тиімді, табиғи газбен бе, көмірмен бе?! Осы мәселені шешу қалды. Сонымен бірге жылыжай орналасатын индустриялық аймақты жоғары қуат көзі бар мекенге жақын аумақтан қарастыру жұмыстары жүріп жатыр. Мұның алдында үшінші жылуэнергия орталығының ыстық буын пайдалану мақсатында сол мекеменің төңірегінен ашқан болатынбыз. Алайда жылу орталығы босатқан тарифтік бағаның қымбаттығына байланысты өнімді өндіруге жұмсалатын шығын өзіндік құнынан асып кеткендіктен бұл жобадан бас тартып, қазіргі таңда табиғи газ қуаттылығы бар көздің маңынан салуға шешім қабылдап отырмыз,– деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасныңы басшысы Ә.Жанбатыров.

Мегаполисте дайын өнім шығару саласы қарқынды дамып келеді. Айталық «Дары Сайрама» компаниясы жылына 15 млн данаға дейін, ал былтыр ғана жобасын жүзеге асырған «Алан и компания» кәсіпорны 10 млн данаға жуық банкіге жабылған қалбырлы өнімдер өндіреді. Сонымен бірге «Азамат» серіктестігінің де ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы жобасы ауқымдылардың қатарына кіреді. Алдағы уақытта басқарма осы секілді іріліұсақты өңдеуші кәсіпорындарды энергия қуаттылығы жоғары, инфрақұрылым жағынан жан-жақты жағдай қарастырылған «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағына көшіру бойынша жұмыстарды қолға алып жатыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста