jasqazaq.kz

Шымкент: Жылына 500 млн бөтелке сусын өндіретін зауыт құрылысы талқыланды

09 тамыз 2023, 17:52

Мемлекет басшысы да өз Жолдауында «Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан, бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр. Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады», деген еді.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала экономикасына қатысты инвестициялық жобаларды іске қосу мақсатында «Zalal Mowafaq» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде екі тарап Шымкентте жылына 500 миллион бөтелке алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу, сонымен қатар Шымкент қаласының тұрғындарын 300-ден астам жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарларын талқыланды.

Компанияның Ауғанстанда жеміс шырындары мен энергетикалық сусындарды өндіруде жиырма жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта бұл әлемдік тәжірибеде сұранысқа ие сусын екендігі дәлелденді. Ауғанстандағы алкогольсіз сусындар нарығының 78,4%-ды иеленуі олардың бұл саладағы жетістіктері мен тәжірибесі мол екендігін көрсетеді. Аталған инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін «Бозарық» индустриалдық аймағынан 10 гектар жер телімі берілді. Жобаның жалпы құны 7 200 млн. теңгені құрайды. Іске асыру мерзімі 2024 жылға жоспарлануда.

Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриалды аймағында бүгінде «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясының қолдауымен алкогольсіз, газдалған және газдалмаған ауыз су сусындарын шығаратын зауыт салынып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Шымкент қаласына «Coca-Cola İçecek» түрік компаниясы Қазақстан филиалының директоры Мұстафа Белтекин жұмыс сапарымен келіп, қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесіп, зауыт құрылысының жобасын талқылаған болатын.

Жүргізілген келіссөздерге сәйкес, биыл зауыттың іргетасы қаланып, қазір құрылыс-монтаж жұмыстарының 30%-ы кестеге сәйкес атқарылған. Аталған зауыттың құрылыс барысымен танысу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басында болды. Зауыт іске қосылса 100-ден аса жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда, Сондай-ақ, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 262 миллион литр сусын шығаруға мүмкіндігі бар.

Екі жыл көлемінде «Жұлдыз» индустриалдық аймағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы саласы бойынша 147,2 млрд. теңгені құрайтын 42 жоба әзірленді. 2023-2026 жылдар аралығында жүзеге асатын осы жобалардың аясында 4 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста