jasqazaq.kz

Шымкент: «Жұлдыз» индустриялық аймағында 400-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады

07 мамыр 2023, 11:48

2023 жылы Шымкент қаласындағы «Жұлдыз» индустриялық аймағында инвестициялық құны 7,1 миллиард теңге құрайтын 5 жобаны іске қосу көзделуде. Нәтижесінде 411 жаңа жұмыс орындары құрылады.

Жалпы алаңы 306 га құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағы 2021 жылы құрылды. Жаңа индустриялық аймақтың аумағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 2023-2026 жылдар аралығында 200 миллиард теңгеге 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен жүзеге асырылатын 50 жобаның пулы әзірленді.

Аталған аймақта инвестициялық құны 147,2 миллиард теңге құрайтын, 4023 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 42 жоба іске асырылуда. Одан бөлек, биылғы жылы «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін аяқтау жоспарлануда. Аталған индустриялық аймақтың жалпы аумағы – 132 га. Бүгінде онда орналастырылатын 22,7 миллиард теңгеге 1,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен 21 жобалар пулы әзірленді. Сондай-ақ, жеке «Standard» индустриялық аймағы құрылуда. «Оңтүстік» АЭА 175 га дейін және сауда-логистикалық орталығын 136 га дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2023 жылға 18,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 15,2 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 миллиард теңге қаралған. Жалпы жыл басынан бері 1,4 миллиард теңгеге 2 056 жобаға қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 2023 жылға 17,3 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 1 922 жобаға 1,2 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді. Ал, «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 2023 жылға 1,4 миллиард теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 134 жобаға 222,1 миллион теңгеге қолдау көрсетілген.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата