jasqazaq.kz

Шымкент: Жыл соңына дейін тағы бір демалыс орны абаттандырылады

02 қыркүйек 2024, 16:07

Жыл сайын қыркүйектің алғашқы жексенбісінде елімізде мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Соған орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Шымкент қаласындағы «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өндірістік бөлімшесін аралап, ондағы жұмыстармен танысты. Кездесуде атаулы дата қарсаңында кәсіпорын ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Содан кейін Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданы, «Жас дәурен» шағын ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар әкіммен бірге коммуникациялық желілерді тарту, саябақ, балалар мен спорт алаңын салу, көшелерді кеңейту және қоғамдық көлік маршруттарының бағытын өзгерту мәселелерін талқылады. Алатау көшесінің тұрғындарымен кездесуде бақылау камераларын орнату, жарықтандыру және полицияның қосымша бекетін орналастыру, балалар ойын алаңы мен «Алатау» саябағына демалатын орын салу сынды өзекті мәселелер сөз етілді.


Ғабит Сыздықбеков осы кездесулерден кейін сала басшыларына және аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді. Нақты айтқанда, гүлзар мен балаларға арналған ойын және спорт алаңы құрылысын қарастырып, алдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізу міндетін қойды.
Көп ұзамай қала әкімі тағы да кезекті аралауға шықты. Бұл жолы Абай ауданындағы жайлы мектептің құрылысымен танысып, мердігер ұйым өкілдеріне жұмысты жеделдетуді тапсырды.


Әкімнің қаланы аралауы «Самал-3» шағынауданының тұрғындарымен кездесуге ұласты. Кездесуде орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылу, жолды асфальттау, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаяу жүргіншілер жолын бейімдеу және бағдаршам орнату сынды бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Әрмен қарай әкім Әл-Фараби ауданына барып, ондағы Тәуке хан даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу жұмыстарымен де танысты. Ғабит Сыздықбеков жауапты мамандарға барлық жұмысты сапалы орындап, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.


Аралау барысында шаһар басшысы Жібек Жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысындағы саябақтың қазіргі санитарлық жағдайын да тексерді. Осы саябаққа қарсы беттегі жаңа қоғамдық орын салуға арналған жер телімін қарады. Бұған қатысты Ғабит Сыздықбеков: «Тұрғындарға арналған тағы бір демалыс орнын осы жылдың соңына дейін абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты салалық басқарма басшыларына қажетті жұмыстарды талқылау міндетін жүктедім», — деді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін