jasqazaq.kz

Шымкент: Жыл соңына дейін 16 инвестициялық жоба жүзеге асады

18 қараша 2024, 15:02

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралды. Мегаполис басшысы ең алдымен жылыту маусымында тұрғындардан келіп түскен проблемаларға тез арада кері байланыс орнату керек екенін айтты. Сондай-ақ азаматтарға құбырларды тазалау бойынша түсіндірме жұмысын тұрақты жүргізу қажет деді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аппарат жиынында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Әзімбердиев өнеркәсіп саласының дамуына қатысты баяндама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бері кәсіпорындар 913,9 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 78,2 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба іске асырылуы тиіс. Соның нәтижесінде 1 693 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Биыл 1 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына қол қойған болатын. Осыған орай жиында Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқарма басшысы А.Абаев аталған заңдағы өзгерістер туралы баяндады. Жаңа заңға сәйкес, жұмыс жүргізу үшін басқарманың құрылымына өзгерістер енгізілген. Шағымдарды қарау мақсатында жаңа бөлім ашылған және 1 штаттық бірлікте басшы орынбасары лауазымымен толықтырылды. Өйткені басқармаға жыл басынан бері 2430 шағым келіп түскен.

«Мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар заңсыздықтар бар екенін рас. Мұны тоқтату керек. Біз мемлекеттің ақшасын жымқыратындар үшін емес, халық үшін жұмыс істейміз. Сондықтан барлық басқармаларды қатаң тексеріп, тиісті шара қолданыңыздар. Өнім берушілерден келіп түскен шағымдарды да ескеру керек. Қабылданған заң ашықтықты қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған», — деді қала әкімі.

Мәжілісте сөз алған білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Г.Дәрібаева мектеп оқушыларының оқулықпен қамтылу мәселесі туралы баяндады. Биылғы оқу жылында оқушылардың саны артуына және ескі кітаптардың тозуына байланысты оқулық қажетілігі бар. Г.Дәрібаева қазіргі таңда бұл проблеманы жою үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын алға тартты.

Жиын соңында Ғабит Сыздықбеков қаладағы тазалық мәселесіне тоқталып өтті. Аудан әкімдері мен жайлы ортаны дамыту басқарма басшысына көше тазалығына және ағаш егу жұмысына ерекше назар аударуды тапсырды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

23 сәуiр, 18:31
Қызылорда: Швейцариялық Harvest Agro тұқым өңдеу зауытының бірінші кезеңін бастады
23 сәуiр, 16:07
В Туркестанской области в рамках программы «Ауыл - ел бесігі» реализовано 1 570 проектов
23 сәуiр, 15:54
Как будут реализовываться новые инвестиционные проекты в Туркестанской области?
23 сәуiр, 15:48
Языковая политика в Туркестане приносит свои плоды
23 сәуiр, 15:42
Галымжан Орынов: В Туркестане система образования вступила в новый этап
22 сәуiр, 15:52
В Туркестанской области строится мегаферма на 50 тыс голов
22 сәуiр, 15:49
Туркестан: В Ордабасинском районе реализовано более 120 проектов
22 сәуiр, 14:30
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: в столице проходит международная книжная выставка
21 сәуiр, 15:22
В Туркестанской области строится крупная солнечная электростанция мощностью 300 МВт