jasqazaq.kz

Шымкент: Жыл басынан бері 8500 жас жұмыспен қамтылды

14 тамыз 2024, 15:05

Бүгінде жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Жұмыспен қамтуды көздейтін мемлекеттік бағдарламалар көп болғанымен, кейбіреулер олар туралы біле бермейді. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Шымкент қаласында бұл міндет ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр.

Жыл басынан бері Шымшаһарда сегіз мыңнан астам жас жұмысқа тұрды. Дегенмен оқу бітіргендердің барлығы өз мамандығы бойынша бірден орын тауып, орналасып кетпейді. Мұндайда еңбек жәрмеңкесі көмекке келеді.
Жуырда жастар күніне орай Шымкентте «Еңбек — бәрін де жеңбек» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шараны қаладағы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» өткізді. Жәрмеңкеде жұмыс іздеп жүрген қала тұрғындарына сала жетекшілері қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берді.

Қаладағы еңбек нарығында техникалық мамандарға, сауда менеджері, тігінші, аспаз сияқты мамандықтарға сұраныс жоғары. «Екі қолға бір күрек» іздегендерге қайтсе де жұмыс табылады. Жалпы мұндай жәрмеңке Шымкенттің «Арбатында» жиі өткізіледі.
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» бөлім басшысы Рауан Қыпшақбаевтың айтуынша, биылғы жылға екі мыңға жуық жұмыс орны қарастырылған. Қазіргі кезде 22 кәсіпорын жұмыс ұсынған көрінеді.


Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында оларды сұранысқа ие мамандықтарға бюджет есебінен оқытады. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасалады.

Жұмыс іздеп келгендерді «Ұрпақ сабақтастығы» мемлекеттік бағдарламасы», «Жастар практикасы» бойынша орналастырады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңкеге келген 20 адамның 15-і тұрақты жұмыс табады.
Бұл жолы жәрмеңкеге 30-ға жуық мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындар қатысты. Атап айтқанда, «Назар Текстиль» ЖШС, Болашақ колледжі, қалалық перзентхана, «Гауһар» тігін фабрикасы, «Alfa Med» ЖШС, «Bilim-Land» мектебі ЖШС, «Front line» ЖШС, ЖК «Бейсебаев» секілді мекемелер бар. Бұл шара жұмыссыз жастарды еңбекпен қамту және олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеде дипломы бар 350 маман жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат алды. Келесі жолы мүмкіндігі шектеулі жандар мен пробация қызметінде тіркеуде тұрғандарға бос жұмыс орындары ұсынылады.

JQ-Aqparat
Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде