jasqazaq.kz

Шымкент: Жол ережесін сақтау және «Автокөліксіз күн»

21 шiлде 2024, 10:28


Жол қауіпсіздігі – әлеуметтік және экономикалық дамуға әсері бар басты мәселелердің бірі. Жол ережесін сақтау — қауіпсіздік кепілі, ережені сақтау — баршаның міндеті.
Осыған орай, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз жол» акция аясында қала тұрғындарын жол жүру ережелерімен таныстыру және жолда апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында Әл-Фараби алаңында іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындары мен жастарын жаяу жүргіншіге арналған жол, бағдаршам өтпелі, скутер (мопед) жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру болды.
Іс-шара барысында полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен жастарына жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту ережелерін, жол қауіпсіздік белгілерінің мағынасын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, электрсамокат, скутер, мопед жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын көрсетіп, жолда жүру ережелерімен егжей-тегжейлі таныстырып өтті.


Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызмет басқармасының патрульдік полиция портының әкімшілік практика тобының инспекторы, полиция майоры Азамат Шайдербеков: «Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі — жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, жүргізуші тәртібінің төмендігі. Жыл басынан бері ЖКО 6 есеге өскен. Оның ішінде кәмелетке толмағандар қатысқан жол апаты да толастамай отыр. Олардың дені мопед, самокаттардың қатысуымен болып жатыр. Осыған байланысты жол қауіпсіздігі сауаттылығы бойынша жедел профилактикалық жұмыстарды үнемі өткіземіз, — деді.
Сондай-ақ Шымшаһарда «Автокөліксіз күн» онлайн-челленджі басталмақ.
Сөйтіп «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті «Автокөліксіз күн» онлайн челленджіне қолдау көрсетіледі.
22 шілдеде басталатын бұл іс-шараның мақсаты – бүкіл елде бір күнді көліксіз өткізіп, зиянды заттар шығарындыларын азайту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Осыған сәйкес «Автокөліксіз күн» атты челленджінде жеке автокөлігі бар барлық азаматтар көліктерін тастап, қоғамдық көлікте, велосипедте, скутерде немесе жаяу жүрулері керек.
Іс-шараға қатысушылар #Көліксізкүн хэштегтерін пайдаланып және ұйымдастырушыларды @birgemiz_taza_alem2022 белгілеп, әлеуметтік желілерде көліксіз өткен күніңіздің фотоларын немесе видеоларын орналастыруы керек.
Шымкент тұрғындары экологиялық бастаманы қолдау арқылы ауаның ластануын және улы газдардың бөлінуін азайтуға өз үлесін қосуға дайын отыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі