jasqazaq.kz

Шымкент: «Жетекші мектеп» жобасы іске асты

24 сәуiр 2024, 16:01

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын Шымкент қаласында іске асыру жөніндегі «Жол картасын» орындау мақсатында, «Жетекші мектеп» жобасы жүзеге асырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының білім басқармасы мәлімдеді.

«Білім-инновация» қыз балаларға арналған № 2 лицей-интернатының әдіскері Нюлюфар Корғанбаеваның ұйымдастыруымен жетекші мектептерге арналған «Оқушыларды олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары және мектеп өміріндегі ата-ананың белсенді рөлі» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.

Жобаның мақсаты — НЗМ ДББҰ және «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін тарату. Аталған жобаға жауапты жетекші мектеп директорының орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында республикалық «Үздік педагог-2023» байқауының жеңімпазы, математика пәнінің мұғалімі А.Тұрапбеков «Оқушыларды олимпиадаға дайындау тәсілдері» тақырыбына баяндама жасап, тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Нұрланқызы «Құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие процесі» тақырыбындағы баяндамада лицейде оқу-тәрбие жұмысын құндылықтарға негіздеп іске асыру механизмін түсіндіріп, жыл бойы атқарылатын жұмыстармен таныстырды.

Ата-аналарды қолдау орталығының үйлестірушісі Салтанат Жексенқызы «Мектеп өміріндегі ата-ананың белсенді рөлі» тақырыбында «Аналар академиясы» клубының жұмыс жүйесімен таныстырып, аналармен тығыз байланыста болып, оқушылардың мектеп өмірінде жасап жүрген жұмысымен бөлісті.

«Асқар тау — әкелер» клубының жетекшісі Жандос Мұсаев әкелердің бала өміріндегі рөлі туралы іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында клуб жетекшісі Жандос Мұсаев келген қонақтарды төрт топқа бөліп, «Brain Rain» интеллектуалдық ойынын жүргізді. Семинарға қатысушылар іс-шараға белсенді атсалысып, лицей мұғалімдерімен етене араласып кетті.

Сонымен қатар Шымкент қаласының Әдістемелік орталығында білім сапасын арттырудағы мұғалім моделі арқылы озық тиімді ізденістері мен тәжірибелерін жалғастырып, педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту мақсатында «Жаңа формациядағы мұғалім моделі — білім сапасын арттырудағы белсенді қадамдар» тақырыбында №77 мектеп-лицей базасында семинар өткізілді. Бұл семинарға білім мекемелерінен 60-тан астам пән мұғалімдері қатысып, ой-пікірлерін ортаға салд. Сондай-ақ өздерін көкейдегі сауалдарын қойып, жауабын алды. Ұсыныстарын да ортаға салды.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Шымкент қаласының білім басқармасы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде