jasqazaq.kz

Шымкент: Жерді өз бетінше иеленетіндерге бақылау күшейді

19 маусым 2023, 10:01

Шымкент қаласының прокуратурасы мен Шымкент қаласы әкімдігі жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жаңа жобаны іске асыруға кірісті.

Аталған жоба құқық қорғау және жергілікті атқарушы, уәкілетті органдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінде талқыланды.

Жиында жерді өз бетінше иелену деректеріне қатысты туындаған проблемалық мәселелерді шешу және алдын алу жолдары талқыланды. Осыған дейін жоба менеджментінің жарғысы, іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс тобы құрылған болатын. Бірлескен іс-шара аясында қалалық әкімдік пен коммуналдық мекемелер арасында жер учаскелерін өз бетінше иеленген тұлғаларға су, газ және электр энергиясын беруге тыйым салу туралы меморандумға қол қойылды.

Бүгінде көше бойындағы жерлерді заңсыз иелену салдарынан бірқатар мәселелер туындап отыр. Десе де атқарылып жатқан жұмыстар да жоқ емес. Қала көркін арттыру, жер саласындағы кейбір проблемалық мәселелерді шешу мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында ҚР «Жер кодексінің» 43-бабы 10-тармағына сәйкес, салынған, болмаса салынып жатқан құрылыс иелеріне заң аясында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Мұндай шараның мақсаты — жер учаскелеріне өз бетінше иелік ету деректерін әрі қарай болдырмау, оның алдын алу және әлеуметтік шиеленістерге жол бермеу. Түсіндіру жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Әл-Фараби аудандық прокуратурасы мен тиісті құзырлы мекеме өкілдері тарапынан жер учаскесін пайдалану кезінде өз бетінше иеленіп алу фактісін анықтаған жағдайда құрылыс иелеріне тиісті хабарлама жіберіп отырады. Хабарламада заңсыз құрылысты белгіленген мерзімде бұзып, жер учаскесін өз бетінше босатуы көрсетіледі.

Ал аталған міндеттер орындалмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган тарапынан заң аясында құрылыс иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі, құрылыстарды бұзу шаралары көрілетіндігі ескертіледі. Жалпы аудан аумағында жер учаскелерін тиімді пайдаланып, өз бетінше иелену деректерін тыю мақсатында арнайы құзырлы мекеме өкілдерінің тарапынан тексерілетін аумақтар белгіленіп, оларды аралау жұмыстары жалғасуда.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее