jasqazaq.kz

Шымкент: «Жер-2024» сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді

04 маусым 2024, 14:06

Маусым айы басталғанда еліміздің аумағында «Жер-2024» республикалық командалық-штабтың оқу-жаттығуы қарқын алды. Мұндай оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі туындаған жағдайда төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау тақырыбында өткізіледі.

Оқу-жаттығу жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Оқу-жаттығуларды дайындау мен өткізуге азаматтық қорғаудың барлық мемлекеттік жүйесі тартылады.

Еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде мұндай оқу-жаттығулар жиі өткізілуі тиіс. Әсіресе, биыл қыс-көктем айларында Алматыда болған жер сілкінісі бейқам отыруға болмайтынын, тұрғындардың төтенше жағдайларға әркез дайын болу керек екенін еске салды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тиісті оқу-үйрету шаралары мектептен, тіпті балабақшадан басталуы керек. Бұрын Алматыда осындай тәжірибе болған. Соны қайта жаңғырту қажет. Себебі қазір азаматтарды төтенше жағдайға дайындау жүйесі талапқа сай емес. Құзырлы органдар халыққа жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізуге тиіс. Оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде тұрақты жаттығу өткізіп тұру қажет. Бұл – өте маңызды. Осы жұмысты дереу қолға алу керек», — деп сол кезде атап көрсеткен еді.

Шымкент қаласы да сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Сондықтан мұнда да қауіпсіздік шаралары қолға алынып, оқу-жаттығу өткізіліп тұрады.

Мәселен, күні кеше жер сілкінісіне дайындық мәселелері бойынша оқу-жаттығу іс-шарасы өтті. Іс-шарада жер сілкінісі орын алған жағдайда азаматтық қорғау қызметтерінің авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі даярлықтары пысықталды.
Сағат 16:00-де қалалық құлақтандыру жүйесі іске қосылып, негізгі оқу-жаттығудың бірі қала әкімдігі ғимаратында өтті. Дер кезінде қызметкерлерді қауіпсіз жерге шығару және адамдарды құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Зардап шеккен 1 адамға медициналық көмек көрсетілді. Оқу-жаттығуға жалпы ТЖД қызметтерінен 8 техника жұмылдырылды.

Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзевтің айтуынша, практикалық іс-шаралар қалада бір мезетте әлеуметтік нысандарда, көпшілік орындарда жүргізілді.

Аталмыш іс-шарада республикалық, өңірлік азаматтық қорғау қызметтері және жергілікті атқарушы органдар жойқын жер сілкінісі жағдайында іс-қимылдарды пысықтайды. Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған шатырлы лагерлер құрылады. Оқу-жаттығу іс-шарасы жалғасып жатыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі