jasqazaq.kz

Шымкент – жасыл желекке оранған қала

17 маусым 2023, 17:27

«Қаланы жасыл желекке айналдыру керек». Бұл әкім Әйтеновтың қалаға қатысты жауапты мекемелерге берген тапсырмасы. Өткен аптада қала басшысы магистральды жолдар мен саябақтарды абаттандыру және көшелердің тазалығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалады. Алдымен Бозарық айналма жолындағы көріктендіру жұмыстарын тексеріп, мердігерлердің жоспарымен танысты. Мұнда қазір ұңғымалар орнатылып, жер қопсытылуда. Жоба бойынша 13 мың шаршы метр айналма жолдың жиегі қазақы ою-өрнек эскизінде қызыл сальвия, лимонды тагетис секілді гүлдермен көмкеріледі.

Мұрат Дүйсенбекұлы Бәйдібек би көшесіндегі этносаябақта да болып, ұңғымаларды қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Мұнда алдағы уақытта балалар автодромы орнатылып, шығармашылық орталық ашылады.

«Абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылған мердігерлер қала аумағындағы әрбір нысанға арнайы паспорт пен дизайн код жасайды. Ең алдымен ұңғымаларды қайта қалпына келтіреді. Қазір мекемелер қалада жасыл желекті көбейту мақсатында түрлі ұсыныстар беруде. Мердігерлермен жасалатын келісім шарт мерзімінің 5 жылға ұзартылғаны да олардың жауапкершілігін артырып, жұмыс сапасын жақсартады» — деді қала әкімі.

Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы жайлы ортаны дамыту басқармасының қала аумағындағы көшелер тазалығын жақсартуда жоспарларымен танысты. Бұл жұмыстар 5 бағытта жүргізілетін болады.

Бірінші санаттағы күре жолдарда механикалық, санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Екінші санаттағы орталық көшелер айына үш рет, аудандық маңызы бар орталық көшелер айына бес рет арнайы техникалардың көмегімен жуылады. Қосымша 50 адамнан құралған арнайы бригадалар сенбілік ұйымдастырады.

Сондай-ақ, бүгінде Ақтас-1 қоқыс полигонын көгалдандыру жұмыстары да жүргізілуде. Полигон аумағына 500 ге жуық ағаш көшеті отырғызылды. Мұнда үйеңкі, айлант, ясень секілді ағаш көшеттері егілді. Бұл мақсатқа 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Қазір қоқыс полигоны 300 мың тонна қалдық топырақпен көмілді. Екінші қабатты жабуға 100-ге жуық адам, 20 техника жұмылдырылып отыр. Бұл жұмыстар 20 сәуірде толық аяқталады.

Абаттандыру жұмыстарын тексерген қала әкімі жауаптыларға жасыл желекті көбейтіп, көріктендіру жұмыстарын, көшелердің тазалығын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Мерей Әлімбек

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде