jasqazaq.kz

Шымкент жастарына мемлекеттен берілетін мүмкіндіктер түсіндірілді

17 мамыр 2023, 12:54

Түсіндірме жұмыстары барысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы жастарға мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктері және жұмыспен қамту бағдарламалары туралы ақпараттар берілді.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы аясында 12 шағын ауданында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аталған түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары жөнінде ақпараттармен таныстыру.

Түсіндірме жұмыстары барысында аудан жастарына мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» жөнінде ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған 2,5% несие жөнінде де толыққанды мағлұматтар айтылып, жадынамалық парақшалар тарқатылды. Айта кетейік,

Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасын іске асыру арқылы жұмыссыздық деңгейі төмендейді. Бүгінде статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың қорытындысымен қаламызда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 448,5 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады.

Тұрғындардың жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың табысын арттырудың бірден бір жолы ол «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасының іске асырылуы және жаңадан құрылған жұмыс орындарына азаматтардың жұмысқа жолдануы. Бұл бағыт бойынша 2022 жылы 57,2 мың азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыруды жоспарланған болатын. Оның ішінде 33500 адам 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы бойынша, 23,7 мың адам қалада іске асырылып отырған ұлттық жобалар және жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
Бүгін, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
Бүгін, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында