Шымкент жастары өзекті мәселелерді талқылады

19 сәуiр, 14:23


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары саласындағы шараларды кеңейту туралы Жарлыққа 2022 жылы қол қойды. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» 2021 жылғы 9 маусымдағы Жарлығына қосымша тармақ енгізілген болатын. Онда адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы шаралар жоспарын бекіту туралы айтылды. Елімізде жастар саясатын жүзеге асыруда заң мен құқық мәселесіне басымдық берілетіні сөзсіз. Бұл бағытта Шымкент «Жастар ресурстық орталығы» түрлі із-шараларды өткізіп тұрады.
Сондай шараның бірі — «Құқықтық сауаттылық – қоғам айнасы» тақырыбында ұйымдастырылған жастар арасындағ кездесу.


Жол-көлік колледжінде өткен кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Бибігүл Әбдалиева, Шымкент қаласы полиция басқармасы Тұран ауданы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция капитаны Нұржігіт Молдыбаев, Шымкент қаласы «Сана сезім» орталығының заңгері Бехзод Тулаев және Шымкент қаласы ювеналды адвокатурасының авдокаты Ахрор Тавашхоров қатысып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар заңдар жөнінде айтып берді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында өтіп жатқан рейдтік іс-шараларға тоқталып, түнгі уақыттарда кәмелет жасына толмаған жастардың заңды өкілінсіз жүруінің қауіп-қатерін жеткізді.
Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» жат діни ағымдары туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарына айрықша маңыз береді. Қазіргі таңда азаматтардың дәстүрлі діннен адасып, өзге діннің жетегінде кетіп жатқандығы — қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені ислам дінін сан тарауға жіктеп алып, ел арасында іріткі салып жүргендер де қатарымыздан табылуда.
Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері арнайы дін саласының мамандарымен бірлесіп, қаламыздағы оқу орындарының жастарымен тұрақты түрде кездесу ұйымдастыруда. Кезекті кездесу – Түркістан индустриалды құрылыс колледжі мен Шымкент мамандырылған колледжінде «Дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтан!» тақырыбында өтті.
Кездесуге «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Нұржан Әбдікәрім , «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Саян Тілләбек және «Halifa Al-Nahaian Aqmeshıtı» орталы мешітінің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді қатысып, түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары мен оның алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақпал Махамет

Суреттер: Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы»

Бүгін, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді