jasqazaq.kz

Шымкент жастары қалада инклюзиялық орта қалыптастыруда жетекші рөл атқаруда

21 тамыз 2025, 15:47

Шымкент қаласында жастардың психологиялық саулығын нығайту мен инклюзивті ортаны қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл бағытта Жастар ресурстық орталығы ерекше белсенділік танытып жүр. Орталықтың Психологиялық көмек, күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің басшысы Жібек Мұратқызы: «Ең басты мақсатымыз – әр жастың қоғамнан өз орнын табуына, өзін тұлға ретінде сезінуіне қолдау көрсету. Инклюзия – тек мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасау емес, ол – барша жастарға тең мүмкіндік беру мәдениеті», – деді.

Биылғы жоспар аясында Жастар ресурстық орталығы Шымкент қалалық Полиция департаментімен, №2 қалалық емханамен, «Az – UIA» қоғамдық бірлестігімен және «INSAN» практикалық психологиялық орталығымен бірлесіп, кең көлемді іс-шараларды қолға алған. Жыл басынан бері қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждерде 108 кездесу өткізіліп, 52 мыңнан астам жас қамтылып. Бұл кездесулерде лудомания, суицидтің алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылықтың зияны сияқты тақырыптар талқыланды.

Жібек Сайдаханның айтуынша, психологиялық қолдау көрсетудің формалары да әртүрлі. «Жастардың сұранысы әртүрлі, сондықтан біз тек дәріс оқумен шектелмейміз. Арт-терапия, нейрографика, клякса сияқты заманауи әдістерді қолданып, әр жасқа қолайлы психологиялық көмек беруге тырысамыз. Әсіресе сурдоаудармашылардың көмегімен өткізілетін кездесулер инклюзия мәдениетін нығайтуға үлкен үлес қосып отыр», – деді ол.
Сонымен қатар, пробация қызметінде есепте тұрған жастарға жеке қабылдау жүргізіліп, 110 жасқа жеке психологиялық кеңес берілді. Мүмкіндігі шектеулі жастар үшін жыл басынан бері 10-ға жуық семинар-тренинг өткізіліп, 160-қа жуық жас қамтылды.

Орталық ұйымдастырған ерекше жобалардың бірі – акватерапия. Alpen park демалыс аймағында өткен «Мейірімділік – асыл қасиет» атты іс-шараға дағдарыс орталығы мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 35 тәрбиеленушісі қатысқан. Балалар суға түсіп, түрлі ойындарға қатысып, жағымды эмоцияларға бөленді. «Бұл – балалардың негативті ойлардан арылып, еркін қарым-қатынас жасауына ықпал ететін ерекше терапия», – деді Жібек Сайдахан.
Инклюзияға бағытталған жұмыстар биыл да жалғасын тапқан. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жастар ресурстық орталығы мен серіктес ұйымдар бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған концерттік және ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастырды. «Жігер» қоғамдық бірлестігіне қарасты орталықтың ерекше балалары концерт тамашалап, түрлі ойын ойнап, қуанышқа бөленді. Ал №6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жастары «Аватария» ойын-сауық орталығында ерекше күн өткізді.

Бұған қоса, «Мүгедектігі бар адамдарға құрмет» атты әлеуметтік бейнеролик түсіріліп, қоғамда тең мүмкіндік пен адамгершілік құндылықтарын насихаттауға үлес қосқан. «Инклюзивті қоғам құру – тек бір орталықтың емес, бүкіл қоғамның міндеті. Біз әрбір жастың қоғамнан шет қалмай, өмірге белсенді араласуын қолдауға тиіспіз», – деді Жібек Сайдахан.

Олжас Әбдіхалық

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции