jasqazaq.kz

Шымкент: Жастарға бағытталған маңызды кездесу өтті

11 қазан 2024, 15:21

Елімізде жастар саясатын жүзеге асыруда әр өңірдегі Жастар ресурстық орталықтарының маңызы зор. Бұл орталықтар бүгінде жастар мәселелерін шешумен қатар, жас ұрпақтың зхянды әрекеттерден аулақ болуына үлес қосуда. Осы ретте Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы және Еңбекші ауданының әкімшілігімен бірлесе отырып, №127 жалпы орта мектебінде «Stop Bullying» тақырыбында маңызды кездесу өтті, деп мәлімдеді Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.
Іс-шараның басты мақсаты — буллингтің және кибербуллингтің алдын алу, жастарды құқықтық және психологиялық тұрғыдан қолдау, сондай-ақ киберқылмысқа қарсы күрес шараларын түсіндіру болды.
Кездесуге Еңбекші ауданы әкім аппаратының бөлім басшысы Ақпан Сабитұлы, Еңбекші аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Ұйғын Тұрғынов , теолог маман Бексұлтан Жұмаділлә, психиатр Анар аманжолова және Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Айзада Үсенқызы қатысты.
Жастар арасындағы құмар ойындарына тәуелділікті азайту мақсатында өткен шарада лудоманияның зияны мен салдары туралы толығырақ, тереңінен түсіндірілді. Сұрақ–жауап ұйымдастырылып, екі жақты интерактивті кездесу болды.
Кездесу барысында мамандар буллинг пен кибербуллингтің зиянды салдары туралы кеңінен айтып, олардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, жастардың эмоционалдық жағдайын жақсарту, күйзелісті жеңілдету тәсілдерін түсіндірсе, құқық қорғау органдарының өкілдері буллинг пен киберқылмысқа қарсы күресудің құқықтық аспектілері жайында кеңестер берді. Сонымен қатар Шымкент университетінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Құмар ойынға құмартпа» және «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – лудоманияның зиянды әсерлері туралы ақпарат тарату, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау және отбасы құндылықтарын дәріптеу.
Кездесуге Ішкі саясат жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы Жібек Мұратқызы мен Абай АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция майоры Гүлвира Бектемісова қатысты.
Іс-шара барысында психолог маман жастармен отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық, зиянды әдеттер, соның ішінде буллинг мәселелері туралы жан-жақты әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, студенттермен кері байланыс орнатылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы

29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс