jasqazaq.kz

Шымкент: Жастарға арналған тағлымы мол іс-шара өтті

29 қазан 2024, 12:36

Шымкент қаласында «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» тақырыбында кездесу өтті. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған жиынға елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, психологтар мен қалалық полиция департаментінің өкілдері, бас-аяғы 200-ге жуық адам қатысты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара келушілердің Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасын аралаудан басталды. Талай жылдық тарихты сөйлеткен кітапхана бөлімдерінің әрқайсысы ғасырлардан сыр шертеді. Жастардың ең көп жиналатын орындарының бірі – кітапхана болғандықтан, маңызды іс-шара дәл осы ғимаратта өтті. Жиында қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін жан-жақты талқылап, оның қоғамдағы теріс салдарын азайту, алдын алу және жою бойынша пікір алмасты. Ләйлә Сұлтанқызы жастармен ашық сұхбат құрып, қоғамдағы зорлық-зомбылықсыз мәдениетті дамытудағы әр адамның рөліне назар аударды.

Тележүргізуші: «Қазіргі нарықта әрбір қыз сұлулықты қалайды. Дегенмен сұлулық білім мен әдеп дұрыс қалыптасқан тұлғада болады. Ал нәзіктік пен қарапайымдылық барлық уақытта трендте. Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғам үшін қалыпты болуы мүмкін. Бірақ әйелдің болашақтағы болмысы үшін, өмірі үшін үлкен қауіп тудырады. сондықтан, екі жақты келісімге келу арқылы барлық түсініспеушіліктің алдын алуға болады», — деді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңның күшіне енгеніне 4 айдан астам уақыт болды. Отбасының берекесін алып, жұбайы мен бала-шағасына қол көтергендерге жаза қатаңдатылған. Ел ішінде ең көп талқыланған заң аясында біршама жобалар да қолға алынған. «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау ортылығының басшысы Сабира Байзақова бүгінге дейін 20 кездесу ұйымдастырылғанын айтты. «Кездесулердің басым бөлігі оңтүстік өңірлерінде болады. Әр түрлі тақырыптар қамтылады. Жиынға келушілер өз қалауларымен психологтардың көмегіне тегін жүгінуіне мүмкіндік алған. Кейбір қыз-келіншектер алғашқы сеанстардан оң нәтиже берсе, енді бірі жарты жылдық уақытты талап етеді. «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын жүргізу нәтижесінде халық арасында сауалнама жүргіздік. Тек жыныстық және күш көрсетуден бөлек материалдық қысымда бар екені анықталды», — деді Сәбира Байзақова.

Тағлымы мол кездесу жастардың санасына зорлық-зомбылықсыз өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығы және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымның болуы керек деген тұжырыммен аяқталды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс