jasqazaq.kz

Шымкент: Жастарға АЭС болашақтағы маңызы түсіндірілді

20 қыркүйек 2024, 17:36


Қазіргі таңда республика бойынша АЭС салу мәселесі арнайы мамандардық қатысуымен халыққа жан-жақты түсіндірілуде. Әсіресе болашағымыз жастарға АЭС құрылысының маңызы туралы ерекше айтылуда. Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен шаһардағы Мирас университетінде Атом электр станциясының (АЭС) пайдасы және оның салынуына байланысты студенттер арасында түсіндірме кездесу өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі мәлім етті.
Кездесудің негізгі мақсаты – болашақ мамандарға АЭС-тің энергетикалық жүйедегі рөлі, экологиялық әсері, қауіпсіздігі және экономикалық тиімділігі туралы түсінік беру.
Кездесу барысында сарапшылар АЭС-тің жаһандық және жергілікті деңгейдегі маңыздылығын, оның энергия тапшылығын жоюдағы мүмкіндіктерін атап өтті. Сондай-ақ, атом энергиясының экологиялық таза және ұзақ мерзімді энергия көзі екендігі туралы айтылып, қазіргі таңда қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен заманауи технологиялардың сенімділігіне ерекше назар аударылды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, мамандармен еркін пікір алмасты. Ал жиын барысында АЭС салудың Қазақстан экономикасына тигізер пайдасы, экологиялық тәуекелдер және жалпы қоғамдағы қабылдануы секілді мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар атом энергетикасына қатысты осындай ақпараттық шаралардың жастар үшін маңыздылығын атап өтіп, келешекте де бұл тақырыптағы түсіндірме жұмыстар жалғасатынын айтты. Жастарға АЭС маңызы мен ел игілігі үшін тиімді екендігі жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Өтебаев атындағы жаңа технологиялар колледжінің студенттері арасында Атом электр станциясы (АЭС) туралы ақпараттандыру мақсатында да кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттерге АЭС-тің салынуы, оның елімізге әкелетін экономикалық және экологиялық пайдасы, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы жан-жақты мәліметтер берілді. Студенттер өздерін қызықтырған сауалдарға, манандар тарапынан жауап алды.
Сарапшылар АЭС-тің заманауи технологияларға негізделген қауіпсіздігі мен тиімділігіне тоқталып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу жастардың энергетика саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақта осы бағытта білімін жетілдіруге ынталандырды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы

Бүгін, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
Бүгін, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
Бүгін, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды