jasqazaq.kz

Шымкент: Жастардың жарқын болашағы бүгінгі тәрбиеге байланысты

24 сәуiр 2024, 12:09

Жастар — еліміздің ертеңі, болашағы. Сондықтан жас буынның зиянды әдет пен әрекеттен бойын аулақ салуына ықпал етіп, үгін-насихат жүргізудің тиімділігі зор. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Нашақорлық – балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін», — деген болатын. Бұл бағытта Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» қоғам дертіне айналған нашақорлық пен есірткіге қарсы күрес шараларын өткізуді жалғастыруда. Бұл туралы Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығының» баспасөз қызметінің мәліметінше, жастар арасында есірткіге тәуелділіктің зияндығын насихаттау мақсатында Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Сержан Кеңес, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Күлпан Жайлаубаева қатысты.

Мамандар нашақорлық жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және осы індеттің жас пен кәріні, ұлт пен нәсілді талғамайтынына тоқталып, келешегін ойлаған адам есірткіден бойын аулақ салуы керек екенін, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін баяндады.

Полиция қызметкері Сердан Кеңес студенттерге есірткі заттарын өткізу мен таратқаны үшін қандай жазаға тартылатынын, нашақорлық деректері мен статистиканы мысалға келтіре отырып түсіндірді.

«Жастар ресурстық орталығы» қыздарға арналған іс-шараны да қолға алды. Қоғамның басты байлығы адам капиталы десек, тәрбиелі, ибалы қыздар – халықтың баға жетпес қазынасы. Осыны ескерген «Жастар ресурстық орталығы» бойжеткендер арасында семинар-тренинг өткізді.

Жастарды отбасылық өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу мақсатында өткен семинарға қаладағы Абай ауданының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция майоры Гүлвира Бектемісова мен «Жастар ресурстық орталығының» психологы Айгүл Шынтөреева қатысты.

Олар жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне де тоқталып өтті.

Әрмен қарай қыздар өздерін толғандыратын сұрақтарын ортаға тастап, бүгінгі күннің өзекті мәселелері туралы пікір таластырды.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы»

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі