jasqazaq.kz

Шымкент: Жастарды қоғам дертінен сақтандыру жұмыстары жүріп жатыр

17 сәуiр 2024, 12:55

Елімізде жүргізіліп отырған жастар саясаты өскелең ұрпақты зиянды әрекеттерден бойын аулақ ұстауға насихаттауды көздейді. Әсіресе, қоғам дерті саналатын сыбайлас жемқорлықпен күресу — бүгінгі күнгі ең күрделі мәселеге айналып отыр. Өйткені сыбайлас жемқорлықтың қаншалықты қауіпті, салдары ауыр екенін, заңға сәйкес қатаң жазаға тартылатынын көп адам түсіне бермейді. Бұл орайда жастарды сақтандырудың маңызы зор. Шымкент қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» өз қызметінде осы қағиданы басшылыққа алады. Күні кеше Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен «Жемқорлық — індет, күресу — міндет» тақырыбында Авиценна жоғары медициналық колледжінде жастармен кездесу өткізді.

Іс-шараға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің философия ғылымдарының кандидаты, доцент Сәкен Мәжінбеков қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын есте сақтап, қай жағдайда да оған тосқауыл қоюдың маңызы туралы айтып берді.

Сондай-ақ аталмыш оқу орнында мұғалімге немесе білім алушыларға пара ұсынған жағдайда қандай әкімшілік көздері қаралғандығына тоқталды.

«Жастар ресурстық орталығы» қоғамның үлкен дертіне айналған нашақорлықтың алдын алу үшін де маңызды кездесулер өткізуде. Нашақорлық – адамзаттың қас жауы. Бүгінде дүниежүзі осы ғасыр дертінің алдын алу мақсатында түрлі шаралар қолданып, мәселені шешудің жолын қарастыруда.

Сондай шаралардың бірі — Шымкент «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Түркістан индустриалдық құрылыс колледжінде өтті.

Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Балжан Манабаева, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Жанар Мұсаева қатысты.

Полиция өкілі нашақорлықтың зиянды зардаптары мен жас буынның болашағына тұсау екенін айтып, бірнеше мысалдармен дәлелдер келтірді. Жиында жеңіл ақша тапқысы келіп, әлеуметтік желілер арқылы есірткі тасушы болып темір торға тоғытылып жатқан жастардың әрекеті де сөз болды. Ал денсаулық сақтау саласының маманы нашақорлықтың адам денсаулығына тигізетін залалдары туралы кеңінен тоқталды.

Кездесуде тақырып бойынша қажетті ақпараттар беріліп, нашақорлықтың адамның өмірі мен денсаулығына кері әсері және заң алдындағы жауапкершіліктері туралы барынша айтылды. Шымкент «Жастар ресурстық орталығы» тарапынан осындай маңызды кездесулер алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.

Әлима Әлмерек,

Суреттер: Шымкент «Жастар ресурстық орталығы»

Бүгін, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства