jasqazaq.kz

«Шымкент жастар лигасы»: Оқушылар арасында футболдан жарыс басталды

20 сәуiр 2023, 16:23

Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес спорттық кешенде Б тобының спортшылары кездесті.

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі өтуде. Абай ауданына қарасты «Буревестник» спорттық алаңында бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен футболдан жарыс өтіп жатыр. Оған №42, №55, №3, №78 жалпы орта білім беретін мектептерден 37 команда жасақталып, 773 оқушы қатысты. Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес спорттық кешенде Б тобының спортшылары кездесті.

–Биыл үшінші жыл «Шымкент жастар лигасы» жобасы жүзеге асып жатыр. Аталған жобаға Шымкент қаласының төрт ауданынына қарасты 151 мектептен қатысуға өтініш білдірді. Мектепаралық сайыста баскетбол, волейбол, шахмат, футболдан сайыс өтеді. Жаз мезгілінің бірінші айында «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші туры қорытындыланады. Осы орайда, жеңімпаз командаларға демеушілер есебінен 80 млн. теңге берілетін болады. Яғни, әр спортқа 20 млн. теңге бөлінген, – деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов.

Қазіргі таңда Абай ауданының мектепаралық футбол сайысына іріктеу кезеңі өтуде. Әр ауданнан төрт мектеп жеңімпаздары 1/16 финалына жолдама алады. 16 команда арасындағы ойында финалға өткендер шілде айында анықталады.

«Шымкент жастар лигасы» Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Әр апта сайын мектеп оқушылары төрешілер бекіткен кестеге сәйкес, спорттық сайысқа түсіп, аудан аралық іріктеуге жолдама алуда.

Айта кетейік, Әл-Фараби және Абай ауданының мектеп қабырғаларында волейбол ойынынан қыздар арасында тартысты ойын өткен болатын.

Атап айтқанда: Әл-Фарби ауданы бойынша:
[А-тобы] — №47 мектепте — №17 және №47, № 9 және №11; [В-тобы] — №18 мектепте — №8 және №18, №14 және №35; [С-тобы] — №64 мектепте — №76 және №75, №6 және №76; [Д-тобы] — № 62 мектепте — №1 және №62, №20 және №7. Абай ауданы бойынша:
[А-тобы] — №86 мектепте — №5 мен №81, №87 мен №50;
[В-тобы] — №133 мектепте — №78 және №3, №122 және №26;
[С-тобы] — №137 мектепте — № 66 және №95, №95 және №137;
[Д-тобы] — №23 мектепте — №136 және №56, №125 және №60.

Мерей Әлімбек

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата