jasqazaq.kz

Шымкент: Жасөспірімдер тәрбиесі — басты назарда

25 маусым 2024, 11:41

Бүгінде жасөспірімдер арасындағы ертежүктілік маңызды мәселеге айналып отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды, деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Себебі елімізде кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік оқиғасы көбейіп отыр.

Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Сәрсен Құранбектің жетекшілігімен өткен мәжіліске басқарма басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Сәрсен Абайұлы комиссия мүшелерінің жаңа құрамымен таныстырып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу керектігін баса айтты. Бұл мәселені қаншалықты жиі көтерілгенімен, шешу жолы, статистика төмендеген емес. Керісінше жағдай анағұрлым қиындаған.

Жиын барысында мектеп жасындағы оқушыларға, ата-аналарға жекелей кеңес беру және іс-шаралар ұйымдастырылғаны айтылды.
— Ертежүктіліктің алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау басқармасымен бірлескен «2023-2025 жылдарға арналған қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру, ертежүктілікті, репродуктивті денсаулығын қорғаудың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жоспары» жасалған. Бұл жоспарға сәйкес «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Ерте жүктілік және қыздар гигенасы», «Жыныстық тәрбие-ертежүктілік», «Ертежүктіліктің ертеңі қандай?», «Өз тағдырың өз қолыңда», «Еркем өмірің болсын көркем», «Репродуктивті денсаулық сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптары бойынша 2 540 іс-шара, 182 арнайы мамандармен кездесулер, 306 қыз балалар жеке семинар кеңестер және коучингтер өткізілді. Сонымен қатар ата-аналармен де жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстары қолға алынды,-дейді Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Тұрдыбайқызы.

Білім басқармасы мамандарының айтуынша, осы оқу жылынан бастап мектептерде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жүзеге асырылып келеді.

Аталған бағдарлама аясында құқықбұзушылық, ертежүктіліктің алдын алу бойынша 5 жоба («Жеткіншектің жеті жарғысы», «Ұрпаққа аманат», «Еңбегі адал жас өрен», «Өр талапты, озық ойлы ұлан», «Адал ұрпақ») бағытында құзырлы органдармен бірлескен профилактикалық іс-шаралар жоспары жасалған.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық