jasqazaq.kz

Шымкент: Жарыс жолында — журналистер

24 маусым 2024, 10:48

Жыл сайын 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылатын спартакиада – журналистер қауымы үшін үлкен мереке. Биылғы дәстүрлі спартакиаданың жалауы Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы стадионында желбіреді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Әр жыл сайын дәстүрлі спорттық шараға айналған турнирдің мақсаты-қалам мен микрофонды серік еткен журналистерге салауатты өмінр салтын ұстануға жол ашу. Спорт түрлерін қоғамға танымал ету.

Турнирдің ашылу салтанатында сөйлеген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың құттықтауын жеткізді. Ол өз сөзінде қоғамдағы БАҚ өкілдерінің орнына, атқарып жүрген жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ, журналистер қауымын мерекемен құттықтап, билік пен халық арасында алтын көпір болып отырған журналистер қауымының қызметтеріне тоқталып, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған спартакиаданың бірінші күнінде қыздар және ерлер арасында үстел теннисінен және командалық құрамда волейболдан жарыс өтті. Үстел теннисінен «Қызмет» командасының намысын қорғаған Айнұр Өміржанға тең келетін қарсылас табылмады. Жүлделі екінші орынға «Оңтүстік TV» командасының өкілі Фариза Құрманбек ие болса, үздік үштікті «Шымкент келбітінің» ойыншысы Гүлжауһар Бажақай түйіндеді. Ал, ерлер арасында үстел теннисінен 1-ші орын «Кю контент» порталының қызметкері Асылбек Түйетаев қанжығасына байласа, «Оңтүстік TV» командасының қатысушысы Күнту Арынбек қырағылық танытып тағы да екінші орынға табан тіреді. «Ернұр — Press» командасының ойыншысы Қаныш Уалиханов қола медальға ие болды. Волейболдан «Оңтүстік TV» командасы қарсыластарын басып озды. 2-ші орынды «http://xn--c1aembp79d.kz/» командасы жеңіп алса, 3-орын «Айғақ» телеарнасына бұйырды.

Жарыстың екінші күнінде арқан тартыс пен футболдан бақ сынады.

Арқан тартыстан «Оңтүстік TV» командасы жүлделі 1-ші орынға ие болып, 2-ші орынды «Ернұр Press» ұжымы қанжығалады. Ал үздіктердің қатарв «Айғақ» телеарнасының ұжымымен толықты. Жасыл алаңда бақ сынаған журналистердің бәсекесі де қызықты өтті. «Оңтүстік TV» командасы «Ернұр Press» жігіттерінен 3:1 есебінен есе жіберсе “Түркістан TV” командасымен 2:1 есебінде ұтылды. Екінші айналымда «Түркістан» жігіттері «Үштаған» командасынын 5:2 есебінде жеңді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін