jasqazaq.kz

Шымкент: Жарты жылда қала экономикасына 324,7 млрд теңге тартылды

05 қыркүйек 2024, 14:36

Өндірісі дамыған, кәсіпкерлікпен айналысуға барлық жағдай жасалған Шымкент инвестиция құйғысы келетіндер үшін тартымды қала. Содан да болар, жыл өткен сайын шаһарға құйылатын инвестиция көлемі арта түсуде. Биылғы жыл басынан бергі көрсеткіш те ауыз толтырарлық.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша, қала экономикасына 324,7 млрд теңге тартылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 14 пайызға артты. Жалпы жыл соңына дейін 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл меже орындалса, былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 28,1 пайызға артады деген сөз.

Жоспарға сәйкес, алдағы үш жылда 3,6 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Мәселен, 2024 жылы – 928,7 млрд теңге, 2025 жылы – 1 194,8 млрд теңге, 2026 жылы – 1 493,5 млрд теңге.
Сонымен қатар, 2024-2028 жылдары жүзеге асырылатын жалпы құны 2,7 трлн теңгені құрайтын 29,4 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылатын 220 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. Биыл жалпы құны 261,8 млрд теңгені құрайтын, 6336 жаңа жұмыс орнын құрумен 64 жобаның іске асырылуы жоспарланған.

Қала аумағында 1 307 гектарды құрайтын 7 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі күні бұл аймақтарда 230 млрд теңгені құрайтын 289 жоба іске асырылып, 8 мың жұмыс орны құрылды. Индустриялық аймақтарда инвесторларға ұзақ уақытқа жалға алу негізінде инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері ұсынылады. Кәсіпорындар коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтерді пайдаланады және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

Инвестиция тарту мақсатында қалада жалпы аумағы 1 660 гектарды құрайтын логистикалық хаб құру мақсатында сауда-логистикалық орталығын қосымша 136 гектарға ұлғайту, ауыр металлургия саласындағы жобаларды іске асыруға «Темір» индустриялық аймағы (1076 гектар), жеңіл өнеркәсіп саласын одан әрі дамыту мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 175 гектарға ұлғайту және дайын өндірістік алаңдар құру мақсатында 118 гектар аумаққа «Стандарт» жеке индустриялық аймақтары құрылуда. Аталған аймақтарда инвестиция көлемі 1,5 трлн теңгені құрайтын 330 жоба 15 мың жұмыс орнын құрумен іске асырылатын болады. Бүгінгі таңда сауда-логистикалық аймағын кеңейту бойынша инженерлік инфрақұрылым құрылысы басталды. Келесі жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. «Стандарт» жеке индустриялық аймағында шағын және орта кәсіпкерлер үшін дайын өндірістік алаңдарының құрылысы жүргізілуде. Өндірістік аймақтарда негізінен, өңдеу өнеркәсібінің жобалары орналастырылады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі