jasqazaq.kz

Шымкент: Жаңа кітаптардың тұсауы кесілді

24 тамыз 2024, 12:16

Шымкент қаласындағы Әл -Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы руханият пен мәдениеттің ошағы. Шаһардағы кітапсүйер оқырмандарға белгілі ақын Әкім Ысқақтың «Темір генерал» кітабының және Ғалымжан Битұрсынның «Өмірді сүй. Адамды құрметте» атты жинағының тұсаукесері рәсімі өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Белгілі қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері, бірінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты Әкім Ысқақтың «Темір генерал» кітабы Ұлы Отан соғысында қаһармандықпен қаза тапқан, Кеңестер Одағының Батыры Қазақстан мен Орталық Азия халықтары арасынан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рақымов жайында жазылған. Ал, Заңгер, ғалым, қаламгер, Тәшенев университетінің проректоры Ғалымжан Битұрсынның кітабы ізгілікке, өмірге деген құштарлыққа бағытталған.

Оқырмандар мен кітап жанашырларының басы қосылған жиын рухани, мәдени кешпен ұласты. Әуелі жыр жинақтары таныстырылып, көпшілікке үлестірілген соң, Әкім Ысқақтың сөзіне жазылған әндер жанды дауыста шырқалды. Ал Ғалымжан Битұрсынның «Өмірді сүй. Адамды құрметте» атты жинағындағы жырлар көпшілікке такныстырылды. Кітапхананың тұрақты оқырманы, Жайна Мұратқызы әрбір кештің куәсі болатынын, әрі оның жоғары деңгейде өтетін айтып ыстық ықыласын білдірді.

– Кітапхана екінші үйім тәрізді. Бос уақыт тауып, жиі келуге тырысамын. Кітапхана қоры жаңа кітаптармен толысып жатқанына қуаныштымын. Жай отырмай қос кітаптың мазмұнымен таныстым. Адам өмір бойы ізгілікке, қуанышқа ұмтылады. Өмір жеңісіне жетсем дейді. Кітап өмір құндылығына жетелейтін ізгі кездесулер, шығармашылық жұмыстар, адамдар арасындағы сыйластық, тілеулестік көңілге арналады. Екі кітап та қалың көпшілікке арналған. Бұл екі кітаптың оқырмандарға рухани азық сыйлайтыныныа сенімдімін,-дейді Жайна Мұратқызы.

Әкім Ысқақтың бұған дейінгі «Тұңғыш генерал» кітабы жаңа материалдарымен толықтырылып, екінші кітап «Темір генерал» деген атпен жарияланған. Қазақ пен өзбекке тел өскен батыр туралы ұзақ жылдар бойғы зерттеулері мен қоса жаңа ізденістерін оқырмандарымен шынайы ой бөліседі. Батырлығына, қайтпастығына байланысты «Темір генерал» деген атты Сталиннің өзі қойған. Кітаптың «Жатқа кеткен жампоздар» атты бөлімінде Сабырдан бөлек өзге ұлтқа телініп кеткен Кеңес Одағының батыры атанған қандастарымыз туралы да жазылған.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
Бүгін, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
Бүгін, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
Бүгін, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
Бүгін, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
Бүгін, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
Бүгін, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
Бүгін, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство
Бүгін, 13:15
Астана іргесінде 4 туысын өлтірген күдіктіден реактивті психоз анықталды