Шымкент: Жамбы атудан Азия чемпионаты мәреге жетті

19 сәуiр, 15:27


Жамбы ату – қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындарының бірі. Жүйрік атпен шауып келе жатып, салбырап тұрған жамбыны садақпен атып түсіру кім көрінгеннің қролынан келе бермейді. Атам қазақ жамбыны алтыннан немесе күмістен құятын. Бір қуанарлығы, бүгінде жамбы ату жаңғыра бастады. Бірнеше стилі белніленіп, ережесі бекітілді. 2014 жылы елімізде ат үстінде садақ ату спортын дамыту қолға алынып, Жамбы ату федерациясы құрылды. Содан бері түрлі халықаралық және республикалық жарыстар, ел чемпионаттары өткізіліп жүр.
Биыл, міне, Ұлттық спортты дамыту аясында Шымкент қаласында алғаш рет ересектер арасында жамбы атудан Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 14-18 сәуір аралығына жоспарланған құрлық чемпионатында 14 мемлекеттен (Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань (Қытай туымен), Таиланд және Қазақстанның спортшылары сайысқа түсіп, бақ сынады.


Әр түрлі келден келген 64 спортшы қатысқан дүбірлі доданың ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков қатысты.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек: «Елімізде ұлттық спорттың дамуына айырықша назар аударылып келеді. Биыл Астана қаласында дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Шымкент қаласы спортшылары да ұлттық құрама сапында жауапты сайысқа қатысады. Ұлттық спортты дамытуда қаламызда кезекті рет халықаралық бәсеке ұйымдастырылып отыр», — деді.
Сары құрлықтан жиналған спортшылар дүбірлі додада «Мажар», «Корей», «Түркі» және «Қазақ» стильдері бойынша сынға түсті.
Төрт күнге созылған жарыс қорытындысына келсек, «Мажар» стилі бойынша 1-орынды Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі жеңіп алды.
«Корей» стилі бойынша 1-орын мына спортшыларға бұйырды: Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі.
«Түркі» стилі бойынша 1-орынды Қазақстанның спортшысы Батыр Бексауыт жеңіп алды.


«Жамбы» стилі бойынша 1-орынды тағы да Сауд Арабиясының спортшысы Hisham Ali R Al-Tamimі алды.
Айта кетейік, чемпионатта бірінші орынды иеленген әр спортшыға 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталды. Ал екінші орын алғандар 300 000 теңге алса, үшінші орынға жайғасқандарға 200 000 теңге берілді.
Барлық стильдер бойынша жүлдеге ілінген тоғыз спортшы арасында жамбы ату спортының сәні саналатын «Тайтұяқ» жүлдесі сарапқа салынды. Бұл жүлдені ұтып алған спортшы қанжығасына 2000 долларын салатын еді. Өкінішке қарай ешкімге бұйырмады. Жарыста алғы озып шыққан спортшылар «тайтұяқ» ілінген қылды үзіп түсе алмады. Сөйтіп ешкімге бұйырмаған жүлде Жамбы ату федерациясында қалды.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?
06 желтоқсан, 11:27
ОПЕК+ елдері 2026 жылға дейін мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісті
04 желтоқсан, 15:39
Қазақша сөйлесең, кибералаяқ қашып кетеді
03 желтоқсан, 14:17
Мектепте ақша жинау мәселесіне Ғани Бейсембаев нүкте қойды
26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус