jasqazaq.kz

Шымкент: Жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығуының жоспары түзілді

27 сәуiр 2023, 9:52


⠀
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Нұржан Қаракөзев мәлімдеді.
–Жер сілкінісі – экономикалық және адам шығыны жағынан ең үлкен зиян келтіретін табиғи сипаттағы жағдай. Олар тиктоникалық, жанартаулық, опырмалы, техногендік болып төртке бөлінеді. ҚР қағидалар жинағына сәйкес, Шымкент қаласының аумағы 8 баллдық сейсмоқауіптік аймаққа жатады. Осы ретте төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып, қаладағы барлық білім беру мекемелеріне, аурухана, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, адам көп шоғырланатын орындарда тоқсан сайын сейсмикалық оқу-жаттығу өткізеді. Тұрғын алаптар мен аудандарда тұратын тұрғындарға сейсмикалық жоспар түзу бойынша бес жылға перспективалық жоба түзілген, – деді спикер.
Орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе орын алған жағдайда Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының атқаратын іс-әрекетін толыққанды пысықтау мақсатында қала әкімдігінің қаулысы бекітіліп, 5 мамырда қала аумағында жалпықалалық оқу-жаттығу өткізу жоспарланған.
Қазіргі таңда жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығу өткізілетіні туралы бес ауданның тұрғындарына үгіт-насихат жүргізілуде. Бұл мақсатқа департаменттен Азаматтық қорғау қызметі бөлімінен 21 қызмет құрылған. Олар төтенше жағдай орын алған кезде қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала қауіпсіз орындарды дайындады.
Бүгінде орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларында қала аумағында жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 53 шақырым, жергілікті автомобиль жолдарының бойларында 320,2 шақырым, орман қоры жерлерінде 300 шақырым және егістік алқаптарында 402,1 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінде қала бойынша болуы мүмкін орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында жалпы 40-нан астам ерікті өрт сөндіру топтары құрылды.
Олар 69 бейімделген қосалқы техникалары мен 14 өрт сөндіру мотопомпалармен жабдықталған. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінде 24 бірлік техника және 100 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілді. Дала-орман өрттерінің негізгі себептері; сөндірілмеген сіріңкелер мен темекі қалдықтары, шыны ыдыстарының қалдықтары және дала, орман алқаптарында бақылаусыз от жағудан орын алады.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі