jasqazaq.kz

Шымкент: Үздік спортшылар марапатталды

19 тамыз 2024, 16:14

Шымкент қаласында ұлттық спорт түрі ерекше дамыған. Басқарамаға қарасты мекемелерде түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Басты мақсат – ұлттық спорт түрлерін дамыту, жастар арасында кеңінен дәріптеу. Салауатты өмір салтын насихаттау. Бүгінде ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға ниет білдірген жастардың қатары кұн сайын артып келеді. Осы орайда, Шымкент қаласының әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен қаладағы спорт мектептерінің қызметкерлері арасында арқан тартудан сайыс өткізді. Бұл туралы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кіл күштілер бақ сынаған жарыста үздік үштікті анықтау оңайға соқпады. Жалпы қала бойынша бәсекеге 25 команда өтінім қалдырып, 125 спорт қызметкері қатысты. Олардың басым көпшілігі жастар. Қажымұқан атындағы орталық стадионда жиналған көпшілік тек арқан тарту ойынын тамашалап қана қоймай, V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының маңыздылығын білді. Басқарма басшысы Ермек Дәрменов 8-13 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік доданың ел үшін айшықты күндер екенін айтты.

Арқан тартыста команда болып, жоғары нәтиже көрсеткен №20 Ауыр атлетикадан Олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (ОРМБЖСМ ) қызметкерлері 1 орынды иеленді. Ал, №4 Ләззат Тажиева атындағы (ОРМБЖСМ) қызметкерлері 2 орынға жайғасты. Үздік үштікті Олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мамандары түйіндеді.

Ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар спорт саласындағы тағы бір жағымды жаңалық Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлының қатысуымен өңірдегі спорттың дамуына елеулі үлес қосқан сала қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтау мақсатында мерекелік жиын ұйымдастырылды.

Мерекелік жиында сондай-ақ Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нарымбетов Баһадүр Мәдәліұлы мен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, отандық спорттың дамуына елеулі қосқан сала өкілдеріне алғыстарын білдірді.

Мерекелік жиын барысында қала әкімінің Алғыс хатымен сала қызметкерлері, жаттықтырушылар және спорт ұйымдарының өкілдері марапатталды.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласының дене шықтыру және спорт басқармасы

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі