jasqazaq.kz

Шымкент: Ынтымақ пен татулық насихатталды

01 қараша 2024, 11:11

Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтті. Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақтану» жобасы аясындағы іс-шараның мақсаты – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шеберлердің бұйымдарын дәріптеу арқылы өскелең жас буынды ұлттық рухта тәрбиелеу.
Фестиваль аясында жергілікті қолөнер шеберлері мен дизайнерлер дайындаған ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар қойылған көрме ұйымдастырылып, «Достық үйінің» үлкен залында этно стильдік және заманауи сәндік киім үлгілерінің көрсетілімі өтті.


Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов қатысып, ұлт мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген қолөнер шеберлерін құттықтады.
«Біздің мақсат – ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шымкенттік шеберлердің, суретші-дизайнерлердің туындыларын дәртіптеу арқылы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова Сонымен қатар қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды жиі ұйымдастырып, оны жастар арасында танымал ету. Ұлттық құндылықтарымыз арқылы татулықты нығайту», – деді Шымкенрт қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова.
Фестиваль барысында қазақтың ұлттық киімдерінің этно стильдік және заманауи үлгілері бойынша Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Ақ баян» сән театрының топтамасы, А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледждің топтамасы, Г.Еспай жетекшілік ететін «Ару аналар» топтамасы №5 Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің топтамасы, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Асыл мұра» топтамасы, Б.Жетібаева жетекшілік ететін «Асыл мұра» топтамасы және Орталық Азия инновациялық университетінің «Сән» топтамасы жұртшылық назарына ұсынылды.
Өз кезегінде кәсіби мамандардан жасақталған қазылар алқасы фестиваль қорытындысы бойынша үздік деп танылған жеңімпаздарды анықтап, арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті