jasqazaq.kz

Шымкент: Ұлттық ұлан сарбаздарына білім гранттары тапсырылды

18 маусым 2024, 16:25

Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің саптық алаңында белгіленген қызмет мерзімін өтеген 1-2023 шақырылым сарбаздарын запасқа шығаруға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында мерзімді қызмет сарбаздарына тегін негізде жоғарғы оқу орнына оқуға түсу туралы сертификаттар табысталды.
Айта кету керек, Шымкент жедел бригадасының 400-ге жуық әскери қызметшісі бағалы сертификаттар алуға үміткер болды. Тек 27-сі ғана жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды.

Бұл жоба азаматтарды мерзімді әскери қызметке ынталандыру және әскердің беделін арттыру мақсатында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылды.

Іс-шараға әскери бөлімнің басшылығы, ардагерлер, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.
6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат Рахпанов өз сөзінде: «Сіздердің қызмет кезеңіңізде жауынгерлік сайысты орындау бойынша нәтижелерге қол жеткізілді және Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында бөлімнің алдына қойылған барлық қызметтік-жауынгерлік міндеттер орындалды. Сіздер Отанның ұлттық және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлес қостыңыздар, барлық жүктелген міндеттерді абыроймен орындадыңыздар, — деді.

Білім сертификатының иегерлерінің бірі Ерасыл Бабан болды. Ол — Абай облысының тумасы. Қызметтің 12 айында сарбаз өзін жақсы жағынан көрсетті және әртүрлі жетістіктері үшін 739 ұпай жинаған екен.

«Әскерде қызмет ету — әр адамның міндеті. Мұнда мен үздік әскери қызметшілерге жоғары оқу орындарында гранттар берілетінін білдім. Бұл — тамаша мүмкіндік. Менің күш-жігерім жоғары бағаланды, мен Тәуелсіз Қазақстанымызды дамыту үшін міндетті түрде жоғары білім аламын», — деп уәде берді Ерасыл Бабан.

Айта кету керек, мерзімді әскери қызметтен өткен сарбаздар осы сертификаттармен еліміздегі жоғары оқу орындарының біреуіне екі жыл ішінде түсе алады.

JQ-Aqparat

Суреттер: ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
30 маусым, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
30 маусым, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін