jasqazaq.kz

Шымкент: Ұлттық қолөнер дәріптелді

18 қазан 2024, 11:26

Ұлттық қолөнер – бұл тек кәсіп ғана емес, сонымен қатар халқымыздың тарихы мен мәдениетінің, ұлттық өнерінің айшықты бір бөлігі. Қолөнершілердің әрбір туындысы, әрбір әшекей бұйымдары ұлтымыздың салт-дәстүрлерін, дүниетанымын және өмір сүру мәдениетін көрсетеді. Осы орайда, Шымкент қаласының Көрме орталығында «Халық мұрасы – халық қазынасы» атты көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп мәлімдеді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметі.
Бұл шараның негізгі мақсаты – ұлттық қолөнерді дәріптеп, халықпен етене жақын таныстыру, қолөнершілерге өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік беру, сондай-ақ өскелең ұрпаққа ұлттық мәдениет пен өнерді насихаттау.
Қолөнер – халқымыздың ежелден келе жатқан бай мұрасы. Бұл өнер ата-бабамыздан мирас болып қалған және қазіргі уақытта заман талабына сай дамып келеді. Бүгінде қолөнер көптеген адамдар үшін бос уақытты өткізудің жолы ғана емес, табыс көзіне айналған. Осыны ескере отырып, жыл сайын дәстүрлі түрде қолөнер шеберлерін қолдау мақсатында ұйымдастырылатын бұл көрме үлкен маңызға ие.


Іс-шараның ашылуында Көрме орталығының директоры Зухра Әмзеқызы қолөнер жәрмеңкесіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті. Шара барысында келушілерге теріден, ағаштан, қыштан, киізден, темірден жасалған бұйымдар, зергерлік әшекейлер, ұлттық нақыштағы киімдер мен үй жабдықтары кең ассортиментте ұсынылды.
«Көрменің басты мақсаты – қолөнер шеберлерін халыққа таныстыру, оларға тұтынушыларымен тікелей байланыс орнату, сондай-ақ, ұлттық қолөнерді жастар арасында кеңінен насихаттау. Бұл аталмыш іс-шара биыл қаламызда 8-ші рет өткізіліп отыр. Көрмеде ағаштан, былғарыдан және басқа да материалдардан жасалған қолөнер бұйымдары ұсынылып, ұлттық киімдер мен әшекейлер көпшілік назарын аударады. Бүгінгі таңда қолөнер шеберлері өз кәсіптерін дөңгелетіп, жоғары сапалы, ерекше бұйымдар жасау арқылы халықтың сұранысын қамтамасыз етіп отыр»,-деді Зухра Әмзеқызы.
Көрме барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншілері мен «Яссы» би ансамблі өнер көрсетті.
Көрменің көздегені қолөнер шеберлерін халыққа таныстыру, оларға өз тұтынушысымен дидарласып, іскерлік, сауда-саттық қарым-қатынас жасауға ашық алаң туғызу, сондай-ақ өскелең ұрпаққа ұлттық қолөнерді дәріптеу, насихаттау болып табылады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы

29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс