jasqazaq.kz

Шымкент: «Ұлт тірегі — Отбасы» атты жастарға арналған кездесу өтті

09 қазан 2024, 11:09

Соңғы жылдары елімізде отбасы тәрбиесі, құндылықтары мәселесіне мемлекеттік деңгейде көп көңіл бөлінуде. Бұл қызметте әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның алатын орны ерекше.Осы ретте Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұлт тірегі – Отбасы» тақырыбы аясында Ө.Жәнібеков атындағы педагогикалық университеттің жастарымен кездесу өтті, деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуге Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
Отбасы қоғамның тірегі. Бүгінгі ұрпақ ол – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз – қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты, жарасымды тұлға тәрбиелеп өсіру. Өтіп жатқан іс-шараның мақсаты да жас буынға отбасы институтының қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау.


Жиында Назарбаев университетінің профессоры, «InterPress Ih» халықаралық тілдер орталығының директоры, комиссия төрағасының орынбасары Ардақжан Жакенова, Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айғаным Мұхтарқызы сөз сөйлеп, қоғамдағы орын алып жатқан келеңсіздіктер мен зорлық-зомбылық жайлы, әйелдердің құқығы, әдеп-инабат өлшемдері жайлы айтты. «Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-зайыптылар өздеріне әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі тұрмысқа негіз қаланбақ, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ қамтамасыз етілмек» деген пікір айтқан спикерлер жастардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында қатысушылар отбасылық мәселелердің түрлі аспектілерін талқылап, жастарға қажетті кеңестер берді. Жастар өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты жауаптар алды. Спикерлер отбасының қоғамдағы рөліне тоқталып, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Іс-шараның қорытындысында Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Аружан Әлжан отбасы құндылықтарының нығаюы мен болашақ ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие берудің маңызын айта келе, мұндай кездесулердің тұрақты түрде өткізіп тұратындықтарын жеткізді.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
Бүгін, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
Бүгін, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды