jasqazaq.kz

Шымкент тұрғындарына қолайлы орта қалыптасып келеді

15 тамыз 2023, 21:38

Шымкент қаласы тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында бүгінде көп қабатты тұрғын үйлер ауласына аяқжол салу құрылысы жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта Тұран ауданына қарасты Отырар шағын ауданы, №3, 4, 8 шағын аудандары мен Гагарин көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй ауласында аяқ жол құрылысы жүруде. Құрылыс жұмысы қазан айына дейін аяқталатын болады. Бұған дейін Спорт шағын ауданы мен Байтұрсынов, Орманов көшелеріндегі көп қабатты тұрғын үй аулаларына аяқжол салынған болатын.

Жалпы қаланың жол инфрақұрылымын дамытып, сапасын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Бүгінде атқарылып жатқан жол құрылыстары аталған іс-шара аясында іске асырылуда. Нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы жыл соңында 71,2 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.

Қазір кешенді іс шара аясында Еңбекші ауданына қарасты Елтай тұрғын алабындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын. Еліксай, Саяқ (Жаңару), Нұрлысай, Қаратас, Ақмоншақ, Нұрсая, Балауса көшелеріне асфальтбетон жабындысының бірінші қабаты төселуде. Орташа жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Елтай тұрғын алабының жолдары 100% пайызға асфальт болады.

Бүгінде жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағында 243 нысан, яғни 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы Абай ауданының аумағы 24 мың гектар, халық саны 257 мыңнан аса адамды құрайды. Аудан аумағында 27 шағын аудан мен елді мекен орналасқан. Оның ішінде 202 көп қабатты тұрғын үй, 1 274 көше, 93 әлеуметтік нысан бар.

Аудан аумағы бойынша 27 елді мекеннің 26 сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал ауыз сумен қамтылмаған Қайнарбұлақ тұрғын алабында 1540 абоненттен тұратын 8 160 халық тұрады. Биыл аталған тұрғын алап толыққанды ауыз сумен қамтылады деп күтілуде. 2022 жылы басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңында аяқталады. Жоба құны 7,1 млрд. теңге.

Электр жарығы бойынша 27 елді мекеннің 25-і сапалы электр жарығымен қамтылған. Жарықпен толық қамтылмаған 2 елді мекен, олар Асар-2 шағын ауданы және Қайнарбұлақ тұрғын алабы. Асар-2 шағын ауданында 11 060 халықтың (825 абонент) 70%-ы қамтылған, қалған 30 пайызбен қамту мерзімі 2023 жылдың соңы. Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы 8160 халықтың (1174 абонент) 24 %-ы қазір қамтылып тұр. Мұнда 2022 жылы құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланған. Жоба құны 2,6 млрд. теңге.

Мерей Әлімбек

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста