Шымкент: Тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету – негізгі міндет

24 сәуiр, 15:49

Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жоспары негізгі төрт бағытты қамтиды. Олар — медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, кадрлық ресурсты дамыту, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін жетілдіру және денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту.

Жоспарда онлайн дәрігерлік кеңес беруді жолға қою, тұрғындардың денсаулық мәселесі бойынша сауаттылық деңгейін арттыруда мобильді қосымшаларды пайдалану да бар. Бұл бағытта «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасын айтуға болады. Қазір ол медициналық мекемелерге енгізіліп, тұрғындар игілігін көруде. Жаңа жоба ең алдымен Шымкент қалалық №6 емханасына енгізілді. Сөйтіп тегін босатылатын дәрі-дәрмектерге пациенттер QR-код арқылы қол жеткізе бестады.

№ 6 емхананың дәрі-дәрмек бөлімінің меңгерішісі Гүлсім Адырбекованың айтуынша, жоба өз тиімділігін көрсетті. «Науқастар бұрынғыдай емханаға келіп келіп, жолға уақытын кетірмейді. Дәрі-дәрмек тағайындалған соң, дәрігер жазған рецепт eGov Mobile мобильді қосымшасына жүктеледі. Одан кейін науқасқа 1414 арқылы sms-хабарлама түседі. Ол дәріханаға барып, ұялы телефонындағы QR-кодын көрсетеді. Фармацевт маман да бұрынғыдай ақпаратты қолмен енгізіп отырмайды, QR-кодын сканерлеп, рецепт бойынша дәрісін береді, – дейді ол.

Айта кеткен жөн, бұл пилоттық жоба болғандықтан, 18 жасқа дейінгілерден QR-код талап етілмейді. Әзірге динамикалық бақылауда тұрған пациенттер арасында жүргізіліп жатқан жоба. Цифрлық жүйе тиімді екеніне көз жеткізгеннен кейін емхана тәжірибесі шаһардағы өзге медициналық ұйымдарға да таратыла бастады.

Медицианлық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін құрал-жабдықтарды жаңартып отыру керек. Айталық, былтыр желтоқсан айының қорытындысы бойынша, 3,5 млрд теңгеге медициналық жабдықтарды сатып алу арқылы, қаладағы жарақтандыру көрсеткіші 83,7 пайызды құраған. Сонымен қатар, өткен жылы №2, №3 қалалық ауруханасында және Гипербариялық оксигенация орталығы базасында 3 балалар травматологиялық пунктері жұмыс істей бастады.

№2 қалалық аурухана перзентхана және қалалық перзентхананы 2-ден 3-шы деңгейге, №3 қалалық аурухана перзентхана 1-ден 2-деңгейге көтерілген.

Босандыру және балаларға арналған қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтуға былтырғы жылы 942 357,9 мың теңгеге 151 бірлік жабдық сатып алынған. Оның ішінде инкубаторлар, мониторлар, жаңа туған нәрестелерге арналған өжж (ивл), жасанды қан айналымы аппараттары, маммографтар бар.

Неврологиялық және басқа да патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған №2 оңалту орталығының базасында өткен жылы ашылған «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесінде бүгінде 300-ден астам баланы оңалту-қалпына келтіру шаралары жүргізілді.

Айдос Құсайынұлы,
Шымкент

Бүгін, 14:42
Түркістан: Екі ауылда полиция бекеттері ашылды
Бүгін, 14:25
Түркістан: Арыста кадет сыныбына ерлікпен қаза тапқан полицейдің есімі берілді
02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді