Шымкент: Тұрғындарға бос жұмыс орындары ұсынылды

17 сәуiр, 12:05

Еліміздегі еңбек саясатын тиімді жүзеге асырудың бірден-бір жолы — тұрғындарды жұмыспен қамту. Бүгінде екі қолға бір күрек іздеген азаматтар әр өңірдегі халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады. Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығы арнайы мемлекеттік бағдарламалар арқылы курстар өткізіп, белгілі бір мамандық иесі болғысы келетіндерді оқытады, мамандық алуына көмектеседі. Қай жерде бос жұмыс орны бар екенін анықтайды. Жуырда Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы еnbek.kz порталына 1300-ден астам бос жұмыс орындары көрсетілген мәлімет жариялады. Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсынылған жұмыс орындарының саны өзгеруі мүмкін. Жарияланған жұмыс орындарының ең көбі Әл-Фараби ауданында. Қазір аудандағы жұмыс берушілер 188 орын ұсынып отыр. Одан кейінгі 84 бос жұмыс орны Қаратау ауданында болса, Абай ауданында – 79, Еңбекші ауданында – 78 және Тұран ауданында 69 бос жұмыс орын бар.

Жарияланған бос жұмыс орындарының айлық жалақысы 85 мың теңгеден (еліміздегі ең төменгі жалақы) 500 мың теңге аралығында. Қазіргі сәтте жұмыс берушілер тарапынан медицина және фармацевтика саласына сұраныс жоғары. Осы бағыт бойынша 106 орын бар. Еңбекақысы – орта білімді мамандар үшін 85 000-200 000 аралығында болса, дәрігерлер мен медициналық мекеме басшылығы қызметі үшін 120 000 — 600 000 мың теңгеге дейін төленетіні көрсетілген.

Кейінгі орында орта білім беруді дамыту саласы тұр. Аталған саладағы біліктілігі жоқ, яғни мекеме тазалығына жауапты қызметкерлерге 85 000-100 000, ал мектепте пән мұғалімдеріне 137 000-362 000 теңге аралығында төленетіні көрсетілген.
Өңдеу өнеркәсібі бойынша 5 жұмыс орны жарияланып, жұмыс берушілер 85 000-150 000 теңгеге дейін айлық жалақы тағайындап отыр.

Жұмыс берушілер жас мамандарға да жақсы еңбекақы төлейтін жұмыс орындарын ұсынып отыр. Порталда бұл бағыт бойынша 29 хабарламаға 85 жос жұмыс орнын ұсынып, айлық жалақысын 100 000- 500 000 теңге аралығында екенін көрсеткен. Жұмыс орындарының басым бөлігі қызмет көрсету мен техникалық мамандықтарға тиесілі.

Порталда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да бос жұмыс орындары қарастырылған. 9 хабарламаға 48 бос жұмыс орны жарияланып, 85 000-157 000 теңге аралығында еңбекақы төленетінін көруге болады. Саласына тоқталар болсақ, сатушы-кеңесші, 1С бағдарламашы, графикалық дизайнер, спорт жаттықтырушы-оқытушысы, Call-орталығының операторы, заңгердің көмекшісі, әкімші секілді орындар бар.

Әлима Әлмерек

Бүгін, 15:54
Түркістан: «Жасөспірім және жауапкершілік» профилактикалық шарасы өтуде
Бүгін, 12:17
Өткен жылы Алматы кітапханаларына 3 миллионнан астам оқырман келген
Бүгін, 12:04
Түркістан: Учаскелік полицейдің қоғамдағы жауапкершілігі жоғары
16 мамыр, 15:19
Түркістан: Полиция мектеп оқушыларына қауіпсіздік шараларын түсіндірді
15 мамыр, 16:48
Түркістан: Алимент, авторлық құқық және сот сараптамасы
15 мамыр, 15:56
Түркістан: Өткен жылы 7 184 адамға тегін заң көмегі көрсетілген
15 мамыр, 15:36
Түркістан: Сарыағаш полициясы профилактикалық жұмысты күшейтті
15 мамыр, 14:16
Түркістан: Полиция жастарды қауіп-қатерден сақтандырады
14 мамыр, 15:10
Түркістан: Полиция браконьерлерге қарсы аяусыз күрес жүргізеді