jasqazaq.kz

Шымкент: Тұрғындардың ұсынысы орындау үстінде

30 маусым 2023, 14:19

2025 жылға қарай Қазақстанда урбанизация мен туу деңгейінің өсуіне байланысты мектептерде қосымша 100 мыңға жуық орынға қажеттілік пайда болады деген болжам бар. Мемлекет басшысы өз Жолдауында мың жаңа мектеп салуды тапсырды.

Шымкент қаласында соңғы бес жылда 48 810 орындық 105 мектеп пайдалануға берілді. Оның 80 пайызы жеке инвестор есебінен салынған. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 19-дан 3-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 17-тен 3-ке азайды. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешілмек. 134 мыңнан астам оқушы ыстық тамақпен, 54 мыңға жуық оқушы мектеп формасымен қамтылды. Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында қалада 2026 жылға дейін 28 мың орынды 18 мектеп пайдалануға беріледі.

Қазір оқушылардың жазғы демалысы кезінде Ынтымақ шағынауданындағы №54 мектептің спорт залы күрделі жөндеуден өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Абай аудандық Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары қала әкімінің бірыңғай қабылдауында №54 жалпы орта мектебінің спорт залының апатты жағдайын ретке келтіруді сұранған өтініш түсірген болатын. Аталған мектепте 2000-нан астам оқушы білім алады. Тұрғындардың талап-тілегіне орай, қазір мектептің спорт залы жөндеуден өтіп жатыр және бұл мәселе жаңа оқу жылына оң шешімін табады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2 Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-еуі биыл пайдалануға берілетіндігін, 750 орынды 5 өнер мектебінің құрылысын салу жоспарланып отыр.

Айта кетсек, Шымкент жұртшылығы көптен күткен «Нұрсәт» шағынауданында бой көтерген Оқушылар сарайы қолданысқа берілді. Мегаполистің кескін-келбетін айшықтайтын 500 орындық сәулетті ғимарат балалар шығармашылығын дамытуға жол ашады. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін жаңа алаңды аралап көрді.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания