jasqazaq.kz

Шымкент: Тұрғындарды әлеуметтік қолдау жалғасады

02 қыркүйек 2024, 12:52

Шымкент қаласында биыл әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту шаралары бойынша елеулі өзгерістер мен жетістіктер орын алды. Қалада жұмыспен қамту шараларын нақты көрсеткіштер мен мақсаттарға сай жүзеге асырылуда. 2019 жылдан бері халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына бизнес-жобаларын іске асыру үшін 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант беріледі. Биыл Шымкентте 426 адамға грант беру жоспарланс, комиссияның шешімімен 428 адамға қаржылай қолдау көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мәлімдеді.
Жоспардың артығымен орындалуының себебі – комиссия мүшелері қаржы бөлуді оңтайландырып, қосымша екі жобаны қаржыландырды. Гранттар мал шаруашылығынан қызмет көрсету саласына дейінгі түрлі бағыттарға бөлінді.
Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылдың алғашқы жеті айында 7797 отбасындағы 40 419 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліпті.
Ол: «Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7 пайызға төмендеген. Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың саны азайғанымен, 1-6 жас аралығындағы балаларға берілетін қосымша төлемдер жалғасуда. Қазіргі таңда, атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға беріледі»,- деді.
Ал қалада 41 406 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында түрлі құралдар мен қызметтер беріліп отыр. Мысалы, протездік-ортопедиялық құралдарға 6 520 өтініш қабылданып, 4 111 құрал қамтылды. Сонымен қатар, мүгедектерге арналған қол арба, тифлотехникалық құралдар және жеке көмекші қызметтері де көрсетілуде. Шипажайларға жолдама алуға 11 607 өтініш қабылданып, 6 314 азамат қамтылды.
Шымкенттің әлеуметтік бағдарламаларының тиімді жүзеге асырылуы қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл шаралар халықтың әл-ауқатын арттыру мен қоғамның барлық мүшелерінің тең мүмкіндіктерге ие болуын қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатыр.
Жиын барысында басқарма басшысы қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік қолдау алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Сонымен қатар қайтарымсыз грант алған әлеуметтік осал топтарға жататын жандарға бизнес жобасын жүзеге асыруға қолдау болатынын да айтып өтті.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі