jasqazaq.kz

Шымкент: Тұрғындар қауіпсіздігі қатаң бақылауда

26 маусым 2023, 10:51

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықтың қауіпсіздігін қамтамасын ету үшін түрлі цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Шымкент – еліміздегі республикалық маңызы бар үш қаланың бірі. Еліміздің индустриалды орталығына айналып отырған шырайлы шаһарда өмір сүрудің қауіпсіздік деңгейі жыл сайын жақсарып келеді. Адам өмірі мен қауіпсіздігі – мемлекеттің басты құндылығы екенін ескерсек, Шымкентте қолға алынып жатқан кешенді жоспарлар мен оның орындалуы халықтың қауіпсіздікте тұрмыс кешіп жатқанын аңғартады.

Шымкенттің халқы бүгінде миллионнан асты. Жылдан жылға демографиялық өсім мен урбанизацияның жоғарылауы елді мекендердің көбеюіне алып келді. Тұрғындар саны күн санап көбейіп жатқан шаһардағы басты міндет – қала тұрғындары мен қонақтардың барлық уақытта өзін қауіпсіз сезінуін қамтамасыз ету. Ол үшін мегаполистегі қылмыс деңгейі мен төтенше жағдайлар қауіпін төмендету маңызды. Осы орайда, Шымкент қаласында «Қауіпсіз қала» бағдарламасы бірнеше жылдан бері қолға алынған. Бұл бағдарлама ең алдымен қаланың орталық көшелерінде жүзеге асырылып, кейіннен елді мекендер мен ішкі орамдық жолдарда жалғасын тапты. Өйткені қаланың халық санымен бірге көшедегі көлік қозғалысы да артып жатыр. Қоғамдық тәртіп пен көлік қозғалысын реттеуде бейнебақылау камераларының орны орасан. Жалпы, қаланың көше қиылыстары мен тұрғын үйлердің аулаларына 3868 бейнебақылау камерасы орнатылыпты. Оның 1979-ы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін болса, қалғаны жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде тіркейтін камералар. Барлық бейнебақылау камералары Шымкент қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы, ҚР ІІМ-нің аумақтық орталығы және қала әкімдігінің дағдарыс орталығына қосылған.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол қозғалысын бақылайтын бейнебақылау камерасының 1677-і «Сергек» жүйесіне қосылған. Одан бөлек, қаланың 21 қиылысында 212 «Интегра» жүйесі орнатылыпты. Осы жылы тағы 1500 бейнебақылау камерасы орнатылса, 2024 жылы – 2000, 2025 жылы – 2500 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған.
Көлік ағыны көп көшелердегі қозғалыстың реттілігінде бағдаршамның да өзіндік орны бар. Өткен 2022 жылы осындай қиылыстарға 12 бағдаршам орнатылып іске қосылған. Сонымен қатар, қала көшелерінде 450 шақырым жол таңбасы сызылып, 4000 жол белгісі қойылған. Бүгінде қаланың аумағында жалпы 291 бағдаршам күнделікті көлік қозғалысына бақылау жүргізеді. Ал, биылғы жоспар бойынша тағы 15 бағдаршам орнатылмақ.

Мерей Әлімбек

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее