jasqazaq.kz

Шымкент: Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды

14 сәуiр 2023, 10:14

Мұрат Дүйсенбекұлы бір аптада бағдарламаны бюджет арқылы іске асыру жолдарын қарастыруды тапсырды.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды.

Қазіргі таңда Республика даңғылы-Гагарин-Павлов-Исмаилов-Сеченов -Алпысбаев-Қалдаяқов көшелерінің шекарасындағы 350 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының сметалық құжаттамасын мәслихат талқылауына ұсыну жоспарлануда. Жобадағы тұрғын үйлер қабатының өзгеруіне байланысты халық саны және оларға қажетті әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымы қайта қаралуы қажет.

Сондай-ақ қазір 46 тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлер аумағына жобалау-ізденіс жұмыстары туралы қала әкімдігінің қаулысын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларына тұрғын үйлердің және қоныстанатын халықтың тығыздылығын зерделеуді, бір аптада бағдарламаны бюджет арқылы іске асыру жолдарын қарастыруды тапсырды.

Айта кетейік, Шымкентте тозығы жеткен тұрғын үйлер мәселесін шешу мақсатында алғаш рет реновациялау бағдарламасы іске қосылуда. Қазір бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылды. Қала аумағындағы жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерге мониторинг жүргізіліп, бағдарламаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Қала басшысы жауаптыларға реновация бағдарламасының ережесін қайта қарауды және инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізіп, тиімді ұсыныстар дайындауды тапсырды. Жаңа бағдарлама қаланың сәулеттік келбетіне кері әсер ететін ескірген ғимараттарды жойып, мегаполистің сәулеттік ерекшелігіне сай зәулім үйлер қатарын арттыру үшін қолға алынып отыр. Бағдарлама шартына сәйкес, құрылыс жұмыстары меншік иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі.

Меншік иелеріне құрылыс кезеңінде уақытша баспана немесе пәтер жалдау үшін ақшалай өтемақы беріледі. Авариялық және тозығы жеткен үйдің орнына салынып жатқан нысаннан қолданыстағы баспанасының көлеміне сай жаңа пәтерлер бөлінеді. Сондай-ақ, қосымша ақы төлеген жағдайда тұрғындарға пәтерін кеңейтуге мүмкіндік беріледі.

Мерей Әлімбек

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура